Белгілі журналист ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болды

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңа вице-министрді таныстырды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Белгілі журналист ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болды

Министрлікке жаңадан тағайындалған орынбасар кейінгі жылдары «Айқын» және «Литер» газеттерін басқарған белгілі журналист – Алан Әжібаев

«Қымбатты достар!

Мына бір елеулі жаңалықты өздеріңізбен бөлісіп қояйын, ақпарат саласына жауапты вице-министр қызметіне Алан Ғазизұлы Әжібаев тағайындалды.

Алан Әжібаевты журналистер қауымы етене танитыны анық.

Еңбек жолын ол 90-шы жылдардың ортасында «Макс» радиосында қарапайым радиожүргізуші қызметінен бастап, «31 арна» телерадиокомпаниясында бағдарламалар редакторы, кейінірек тележүргізуші болды. Әр жылдары «Караван» радиосын басқарды, «ТАҢ» телерадиокомпаниясында» және «Тенгри ФМ» радиосында бас продюсер болды. Кейінгі жылдары «Айқын» және «Литер» қоғамдық-саяси газеттерін басқарғанын білесіздер.

Бүгінгі күні бұл сала бойынша алдымызда бірқатар маңызды міндеттер тұр. Алан Ғазизұлының журналистік қызметтегі мол тәжірибесі мен біліктілігі осы міндеттерді табысты жүзеге асыруға негіз болады деп сенемін.

Еңбегінің жемісті болуына тілектеспін!» - делінген министрдің хабарламасында.

Жаңадан тағайындалған вице-министр министрліктің ақпарат саласына жауапты болады.