Қазақ қызы тарихта алғаш рет күрестен Олимпиада жүлдесіне ие болды
2016 ж. 18 тамыз
2885
2
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында күрестен қыздар арасында 69 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен Эльмира Сыздықова жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды BNews.kz.

Осылайша, Эльмира Сыздықова қазақ қыздары арасында күрестен Олимпиада ойындарының жүлдесіне іліккен тұңғыш спортшы атанды.
Осыған дейін жерлесіміз жұбаныш белдеуінің бірінші кезеңінде моңғолиялық Очирбатын Насанбурмааны 3:1 есебімен ұтты.
Айта кетейік, бүгін бокстан Данияр Елеусінов (69 келі) Рио Олимпиадасының чемпионы атанды.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 3 алтын, 3 күміс, 6 қола, жалпы 12 медальмен жалпыкомандалық есепте 17-шы орында тұр.