Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг елге оралды

Бүгін түнде Рио Олимпиадасына аттанған дзюдошыларымыз елге оралды. Олардың арасында жүлдегер аттанған Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг бар. 

Жанкүйерлер Елдос Сметовті ерекше қошеметпен қарсы алды (фото)

Спортшылар Амстердам – Алматы KL 405 рейсімен ұшып келді. Балуандарды күтіп алуға көптеген жанкүйерлер жиналды. Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметовтің де ата-анасы келді.

Айта кетейік, Рио Олимпиадасында Қазақстан намысын алты дзюдошымыз қорғаған болатын. Олардың арасында 60 келідегі Елдос Сметов күміс жүлдегер атанса, 48 келідегі Галбадрах Отгонцэцэг қола жүлде еншілеген болатын.