Қазақтың бетіне қалай қарайсыз, Мырзатай мырза?!.

59
6093

Қазақша нан сұрай алмайтын Қасымовты өткізу – қазақ тілі мен қазақты қорлау! Мемлекеттік тілді, яғни мемлекетті қорлау! Мемлекет басшысын – Президент сайлауын қорлау!

Не көрмеген біздің байғұс қазақ?! Міне, енді қазақ тілін қақпайтын, қазақшасы нан сұрап жеуге жетпейтін сенатор Ғани Қасымовты кезектен тыс президент сайлауының мемлекеттік тілден емтихан алатын лингвистикалық комиссиясы зуылдатып «өткізіп жіберді»… Комиссия төрағасы Мырзатай мырза беті бүлк етпестен «Ғани Қасымов қазақша жақсы меңгерген» деп соғып тұр…

Бұл нені білдіреді?
Бұл біріншіден, қазақ тілін, яғни қазақты қорлау! Бұл мемлекеттік тілді, яғни мемлекетті қорлау! Мемлекет басшысын – Президент сайлауын қорлау!
Бұл екіншіден, бізде ең бірінші кезекте қара бастың қамы үшін қандай өтірікке болса да бару тұр да, ал ар, намыс, ел алдындағы абырой дегендердің барлығы екінші кезекте, бәлкім… соңғы кезекте қалғанын көрсетеді. Қазақша қақпайтын Қасымовты өткізіп, Қайсардың бетіне ғана емес, қалың қазағыңның бетіне қалай қарайсыз, Мырзатай мырза?
Бұл үшіншіден, ел тағдыры шешілетін Президент сайлауына қатысып, ұлттың сөзін сөйлеп, халық тізгінін қолға ала алатын қарағайға қарсы біткен қайсар қайраткерлердің жоқтығын (Қайсардан басқа) көрсетеді…
Мырзекеңе қоятын елдің бір сұрағы бар: «Сіз басқарған комиссиядағы қазақ тілінен нан жеп жүрген академигі бар, докторы бар, ғалымдардың бір де біреуі «Қасымов қазақша жақсы біледі» дегенге қол қоюға қарсы болып,” бұндай масқараға қосылғанша, комиссия құрамынан шығайын” деген жоқ па?»
Олай болса, бізде бәрі “қазір жаз мезгілі” деп басшысы айтса, барлығы 100 пайыз дауыс беретін парламенттің көшірмелері ғой, не үміт, не қайыр?
Мырзатай «Президенттікке үміткерлікке өту үшін орфографиялық қате екеуден аспау керек» деп талай сайраған еді… (Қайсарлар үшін болу керек шамасы). Ал Қасымовтың қатесі орфографиядан 3 қате, барлығы 10 қате ғана-мыс… Комиссия бұл жерде тағы бір нөлді қасақана ұмытып кеткен секілді… Және біз бұған, Қасымовтың қатесі 100 емес… 10 қате дегенге сенуге тиіспіз… Сынақ нәтижесін жариялап тұрған Мырзекеңнің бетіне қарасаң, солай сияқты… Ал Қасымовтың қазақша түк білмейтінін, ол екі жердегі екі төрт болады дегендей талқылауға жатпайтын ақиқат екенін лингвистикалық комиссиядағылардан басқа оны білетін ұяты бар әрбір адам айта алады… Оған мектеп оқушысының да миы жетеді…
Қазақша нан сұрай алмайтын Қасымовтың қазақшаны қалай «білетіні» туралы мен «ҚОШ БОЛ, ОП-ПО-ЗИЦИЯ!..»    http://www.qazaquni.kz/?p=5606   атты мақалада жазып, ол өткен аптада www.qazaquni.kz, abai.kz және zonakz.net-те (DODA блогы) жарияланған болатын. Қайталап өтейін: «Болат бірақ, қазақшаны Қайсардан артық біле қоймайтын шығар деп ойлаймын. Ал Ертісбаевты жолда қалдыратыны анық… Қазақшасы «Алға» партиясы төрағасы Владимир Козловтан да, тіпті Ресей Президенті Д.Медведевтен де кейін, «нан бер» дегенді айта алмайтын Ғани Қасымовты айтпағанда… Айтпақшы, сол Қасымов баяғыда Президенттікке кандидат болып, бар бітіргені эфирде стақан сындырып, көк базарда көрінген шалдың көк сақалына жармасатын кезінде қазақ тілі сынағынан қалай өткеніне таңым бар… Әрине, билікке өз ана тілін, мемлекеттік тілін білмейтін, патриоттықтан жұрдай «Патриоттар» партиясы «көсемінен» гөрі қайсарлығы басым Қайсарлар қауіптірек болуы керек…»
Енді соған өкініп отырмын, Қасымовты қайдан ел есіне салдым екен, айтып, ауыз жиғанша екі кештің арасында екі иығынан демалып, ентігіп жетіп келіпті Президенттікке үміткер болуға… Комиссия одан да жылдам екен, әлде, бәрін өздері жазып, дайындап қойған ба, бір құдай біледі… зуылдатып өткізіп жіберді… Шамасы, не жазып (кім жазып) не қойғанын Ғанекеңнің өзі де сезбей қалған болу керек. Шоумен сенатордың бар тындырғаны сенатта қолы бос болғасын «Екі жұлдыз» шоуында жаттаған әнін былдырлап, барқырап айтып беріп, комиссияға «енді осыған риза болыңдар, менде қазақша басқа түк жоқ» дегеннен басқа не дей алады?..
Кеше КТК арнасында бір облыстағы тендер өткізгенде орыс тілінен бір қате кеткені үшін үміткерді құлатып, жер­гілікті газеттер «орыс тілінен бұлай қате жібергені үшін жазалау керек» деп сілтеп жіберіп жатыр екен. Ал тілшілер тендер құжатындағы қазақ тіліндегі нұсқаны тексерген екен, қып-қызыл қатеден көрінбейді һәм олар тендерден зуылдап өткен… Тәуелсіздігіне 20 жыл болған Қазақстанда Ресей тілінен қате кеткені үшін жазалау керек болса… (қандай парадокс!) Мемлекеттік тілден қыруар қате кеткені үшін ең ауыр жаза белгілеу керек шығар онда…
Бұны білгенде қазақшасы Қасымовтан тәуір Владимир Козлов та құжат тапсыратын еді ғой… Сонда ақсақалдарымыз бастаған лингвистикалық комиссия неге айналып отыр бұл жерде? Аузынан Алланы тастамайтын Амантай қажының «бұл комиссияға емтихан тапсырмаймын» деп сенімсіздік көрсетуі тегін болмады…
Айтып-айтпай не керек, Мұхтар Шаханов бастаған ұлт патриоттары ұйымдары Мырзатай Жолдасбеков бастаған лингвистикалық комиссияны (мүшелері: Сейіт Қасқабасов, Шерубай Құрманбаев және т.б.) сотқа беру керек!.. Бұл ұлт патриоттарының ғана жұмысы емес, елге, тілге қатысты қоғамдық, мемлекеттік органдар да, барлық ел патриоттары патриот­тықтан жұрдай (мемлекеттік һәм ана тілін білмеген адам қандай патриот?!) Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымовты және онымен сыбайластыққа барған лингвистикалық комиссияны Мемлекеттік тілді қорлағаны үшін, Мемлекетті қорлағаны үшін, Мемлекет басшысы – Президент сайлауын қорлағаны үшін… Сотқа беруі тиіс!

Қазыбек ИСА

59 ПІКІРЛЕР

  1. ҚАЗАҚТЫҢ БЕТІНЕ ҚАЛАЙ ҚАРАЙСЫЗ, МЫРЗАТАЙ МЫРЗА?!.
    Қазақша нан сұрай алмайтын Қасымовты өткізу – қазақ тілі мен қазақты қорлау! Мемлекет басшысын – Президент сайлауын қорлау! http://www.qazaquni.kz/?p=5629

  2. ҚАНЫН СОРҒАЛАТЫП, ҚАСҚАЙЫП ШЫНДЫҚТЫ АЙТЫП ОТЫРҒАН «ҚАЗАҚ ҮНІ» ТУРАЛЫ НЕГЕ ОЛАЙ ОТТАП ОТЫРСЫҢ АМАН ДЕГЕН НАҒЫЗ «ҚАТЫН»? ӘЛДЕ МЫРЗАТАЙДЫҢ ИТАЯҒЫН ЖАЛАП ЖҮРГЕН ИТІ МЕ ЕДІҢ?

  3. Мырзатайды жамандап жатқан бір-екі адам басқа атты жамылып ,әйпесе елдің бәрі ҚАТЫН болып кетпейді ғой Нурғали Нұртай

  4. Мырзатай Жолдасбеков омiрде адiлетсiз адам. ол кiсi айтыстагы казылар алкасын баскарып турганда тарихта болмаган адiлетсiздiк болган. МЭЛС, Аманжол деген билiктiн созiн сойлейтiн акындарга кешке дейин байге берiп, нагыз акындар ОРАЗАЛЫ Досбосынов, Азiмбек Жанкулиев сынды от ауызды орак тiлдi акындарды унемi аягынан шалатын….

  5. Мырзатай 70 жыл жинаған абыройын 7 минутта төкті. Мырзатай! (ата деуге ауыз бармайды) Егер көшеде біреу бетіңізге түкірсе, таң қалмаңыз! (сотқа беріп жүрмеңіз! Әйтпесе, қалың қазақ Қазақ даласынан қуып шығар!)

  6. Нұротандық депутаттарды шақырсаң., өтірік айтуда, жағымпаздануда мырзатайды да, жазушыларды шаң қаптырады.

  7. Балам «Қырық өтірік» ертегісін күнде сұрайды. мырзатайды қонақ етіп айтқызайын деп едім…

  8. Мырзатай нан сұрай алмайтын Ғани Қасымовты тілсынақтан өткізіп,қазақ тілін қорлағаны үшін Қайсардан ғана емес, Қазақтан кешірім сұрау керек!

  9. Ия, сол кезде Қазыбек Иса «Жас қазақ үнінде» «Атаңның кім екенін Ақселеуден сұра…» деп сын мақала жазған…

  10. Кәсіпкерлер, «Азатқа» кірсе,»Міне, бізбен билік санасты» деп соғатын олар, егер кәсіпкерлер «Ақ жолға» кірсе, «Әне, олар билікпен келісті» деп оттайды… Содан-ақ біле беруге болады азаттықтардың екіжүзділігін…

  11. «Әрине, билікке өз ана тілін, мемлекеттік тілін білмейтін, патриоттықтан жұрдай «Патриоттар» партиясы «көсемінен» гөрі қайсарлығы басым Қайсарлар қауіптірек болуы керек…» тура айтады.

  12. Шілтірейіп шекпен киіп, шен тағым, жалақысы қомақты, құзіреті күшті, мемлекттік қызметте жүргендердің бәрі-бәрі екіжүзді сатқындар. Шекпен жауып, шен тағып отырған қожайындарының айтқанынан әсте шықпайды. Мүмкін, Қазыбекке де сондай жағдай жасаса, өзгеріп кетер ме екен? «Досыңның кім екенін білгің келсе, қолына билік бер» деген халық даналығы бар ғой. Соңғы кезде дені дұрыс, елдің қамын ойлайтын бірде-бір жанды кездестіре алмай, пұшайман болып жүрмін. Мәселен, Мұхтар Шаханов өкімет қызыметінде болғанда, НӘН саясатына қарсы бір ауыз пікір білдіріп пе еді! Қазір билік астауынан аластағтылан соң, оған қарсы пікір айтып, ұлт қамын жегенсіп жүр.

  13. Пікірімді алып тастасаңдар өздерің біліңдер, тірі болсам барам. Алла разы болсын, Қазбек. «Қырқына шыдағанда, біріне шыдамаймыз ба?» деген енді жүрмесін. Иман түгіл, бұларда үят бар ма? Неге сонша қорлайды біздерді? «Қарнымның ашқанынан емес, қәдірімнің қашқанынан жылаймын» деген қазақ, өз жарінде қор болу үшін жаралмаған болар. Анасын-арын сатқандар өз жазасын алуы керек, өз халқын алдағаны үшін. Жауап берсін. Қазыбек, жазғаның атылған оқ, тақталған хат, ертеңгі тарих – тауда ойнағандардың тірсектерін қиюға, сасық кеуделерін көрге көң араластырып көмуге айғақ. Жігіттер, жетер енді, мыналар осы жолы Анамызды анайы сатты, басыңа сарып. Бетсіздердің беттерін тілейік!!! Жаушы.

  14. «Бетімнің қалыңдығы , жанымның тыныштығы» деуші еді Мырзатай ағаның
    Талдықоғандағы бір әріптесі. Тура былшыйып тұрысын қарашы . Ұятсыз !!!

  15. Мырзатай ағаны қатты сыйлаушы едік. Мұнысы ұя болған екен . Түрінен ақ көрініп тұр өзгергені.

  16. Ағайындар ҚАЗАҚтар алаңға шығу үшін кем дегенде 10000 не 15000 адам жинайық ұлтын сүйетін (қала қазағы ауыл қазағы)ешқандай провокациаларға үрынбайтын адамдар жинап, тек бейбіт түрде шығайық. ел жер тек біздіке ғой ағайындар тек біз жауаптымыз Ел үшін Мемлекет үшін. Көрсетейік бірлігімізді. Қазақ деген бірлігі мықты ел екенін. Алаңға шығатындар 10-15 мыңдай болмаса билік қорықпайды және қолымыздан келгенше Қазақстанның барлық қалаларында ұйымдастыру керек. Біздерге жастармен, жұмыссыздармен және орта тап өкілдерімен жүмыс істеу керек. Елге түсіндіру керек бейбіт шерудің мақсатын. Біз елдің егесі екенімізді. Елдің тағдыры қолымызда екенін біз ұлт болып ұйысқан халық екенімізді. Көрсетті ғой Египет пен Тунис бейбіт шерумен билікпен күресуге болатынын.Египет тақтан кеткен президенті Мүбәрак аитып еді мен кетсем халық бірін бірі талап тастайды деп.Көріп отырмыз ғой қазір мысыр халқы аман есен қайта одан сайын ұйымдасып бірлігі артып жатқанын. Таразан .

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз