Нұрсұлтан Назарбаев президенттік сайлауға үміткер ретінде тіркелді

Мемлекет басшысы лауазымына өтініш білдіріп, қол жинау барысында 717340 электораттың дауысына ие болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Орталық сайлау комиссиясының шеші­мімен кезектен тыс өтетін президенттік сайлауға үміткер ретінде тіркелді. Осыған орай қабылданған қаулыны оқыған ОСК-ның хатшысы Бақыт Мелдешев: «Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы президенттікке кандидат ретінде тіркелсін! Қазақстан Президенттігіне кандидат куәлігі берілсін!», – деді. «ҚР Сайлау туралы» конс­ти­туциялық заңның 59-ба­бының 5-тармағына сәйкес, президенттікке үміткер облыс­тардың кем дегенде үштен екі, ал Астана мен Алматы қалаларындағы сайлаушылардың ең азы 1 пайызының қолдауына ие болуы тиіс. Елбасы бұл межеден әлдеқайда асып кетті. Оның республиканың 16 өңірінен жинаған дауысы белсенді сайлау құқығы бар азаматтардың 8 пайызға жуығын құрады.