Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева кеңес өткізіп, оның барысында өнеркәсіп және медициналық мақсатта пайдалану үшін кенепшөпті есірткі заттардан химиялық тазарту бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелері қаралды, деп хабарлайды pm.kz.
Дариға Назарбаева кенепшөптен (конопля) қағаз өндіруді ұсынды
2016 ж. 08 тамыз
3026
0
ҚР инвестициялар және даму министрінің орынбасары Альберт Раудың мәліметінше, кенепшөпті өңдеу сызбасы ұсынылды, оның нәтижесінде есірткі зат бар күнжара жойылады.
Кеңес барысында Д. Назарбаева сәйкес мемлекеттік органдарға өндіріс кәсіпорындарына ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған кенепшөп айналымына қатысты қызметке лицензия берудің сапалы және ашық тетігін енгізу туралы тапсырма берді.
Оған қоса, Д. Назарбаева бұл жұмысты БҰҰ Конвенциясына сәйкес Халықаралық есірткіні бақылау комитетімен ынтымақтастықта және үйлестікте жүргізу керектігін айтып өтті.
Бұдан өзге, кеңес қатысушылары есірткілік емес кенепшөпті өсіру бойынша Жол Картасының қанатқақты жобасын іске қосу туралы ақпаратты тыңдады.
Жобаны жүзеге асыру аясында Қазақстан тарихында алғаш рет ауыл шаруашылығы жерлерінде сора тұқымдары Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарына егілді. Эксперименттік өнім сораны өңдеу технологиясын жасау үшін АҚШ, Германия, Қытай және Бельгияға жөнелтіледі.
Жасалған зерттеулердің нәтижелері бойынша сорадан – банкноттан бастап орайтын және кеңсе қағазына дейін қағаздың барлық спектріне арналған целлюлозаны, сондай-ақ тоқыма және азық-түлік өнімдерін алуға болады.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары техникалық сорадан қағаз өндіру кезіндегі шикізаттың өзіндік құнының төмендеуіне назар аударды.
«Қазақстанның өз қағазы жоқ. Бізде бәрі импортталады, бұл өнімнің жоғары өзіндік құнына әсер етеді. Қазақстандық қағаз өндірісін іске қосу, оның ішінде баспа БАҚ үшін де аса өзекті», - деді Д. Назарбаева.
Кеңес соңында Д. Назарбаева сораның өнеркәсіптік өндірісін қатаң мемлекеттік бақылауда дамыту қажеттігін баса айтты.