Отандық арналардағы 8 тамыз күнгі Олимпиада жарыстарының кестесі
2016 ж. 08 тамыз
3155
0
Vesti.kz порталы Рио-2016 ойындарының бүгінгі кестесін ұсынады.
Үшінші жарыс күні үш салмақ категориясында үш бірдей қазақстандық боксшы жұдырықтасады. Риодағы бірінші жекпе-жегін Біржан Жақыпов, Жәнібек Әлімханұлы және Василий Левит өткізеді. Медаль үшін қазақстандық зілтемірші Фархд Харки таласады. Ол 62 келіге дейінгі категорияда өнер көрсетеді.
8 тамызға арналған кесте:
Ату. Ерлер. Пневматикалық винтовка. Іріктеу кезеңі Юрий Юрков. Басталуы 18.00-де.
Садақ ату. Ерлер, әйелдер. 1/32 финал. Сұлтан Түзелбаев, Луиза Сайдиева Басталуы 18.00-де.
Академиялық ескек есу. Ерлер, әйелдер. Владислав Яковлев пен Светлана Германович Басталуы 18.30-да.
Дзюдо. Ерлер. 73 келіге дейін. Дидар Хамза. Іріктеу және 1/4 финал 19.00-де басталады. Репешаж, жартылай финал, үшінші орынға талас матчтары және финал 00.30-да басталады. Тікелей эфир 18.50-да. (КazSport)
Слалом есу. Бір адамдық байдарка. Әйелдер. Екатерина Смирнова Басталуы - 22.10.
Бокс. Ерлер. 49 келіге дейінгі. Біржан Жақыпов. Спортшы рингке 02.00-де шығады.
Бокс. Ерлер. 75 келіге дейінгі. Жәнібек Әлімханұлы. Спортшы рингке 3.30-да көтеріледі.
Бокс. Ерлер. 91 келіге дейінгі. Василий Левит. Спортшы рингке 04.00-де көтеріледі.
Ауыр атлетика. Ерлер. 62 келіге дейінгі. Фархад Харки. Басталуы 04.00-де. Тікелей эфир 03.55-те. ("Қазақстан")
Дереккөз: tengrinews.kz