Кәрім Мәсімов қазақстандық дзюдошыларды Олимпиада-2016-дағы жеңістермен құттықтады

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қазақстандық дзюдошыларды Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарындағы жеңістерімен құттықтады.

«#Rio2016 Олимпиадасының жүлдегерлері дзюдошылар Е.Сметов пен Г.Отгонцэцэгті құттықтаймын! #KAZалға! #Judo», - деп жазды Үкімет басшысы Twitter-дегі өзінің парақшасында.

Еске сала кетейік, жазғы Олимпиаданың алғашқы медальдарын елімізге дзюдошылар әперді: Елдос Сметов  күміс жүлдені, ал Галбадрах Отгонцэцэг қола медальді жеңіп алды.