Алматыдағы терактіде жарақаттанған екі полицей жансақтау бөлімінде көз жұмды
2016 ж. 01 тамыз
1907
0
Алматыдағы лаңкестік акт кезінде жарақат алған екі полицей жансақтау бөлімінде көз жұмды. Олар Руслан Күлекбаевты тоқтатпақ болғанда оқ жарақаттарын алған деп хабарлайды NUR.KZ порталы ІІД бапасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәрігерлер полицейлердің өмірі үшін соңына дейін күресті. Алайда тәртіп сақшыларының жарақаты ауыр болғандықтан оларды аман алып қалу мүмкін болмады.
1973 жылы туылған полиция аға сержанты Әбілдаев Серік Еркенұлы 1994 жылдан бері ішкі істер органында қызмет еткен.
Қызмет барысында «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» 1,2,3 дәрежелі медальдармен, «Қазақстан полициясына 20 жыл» төсбелгісімен, ІІМ мақтау қағаздарымен марапатталған. Отбасылы, үш қыздың әкесі.
1991 жылы туылған полиция лейтенанты Рахматуллаев Мейрамбек Нұридиллаұлы ішкі істер органдарында 2012 жылдан бері қызмет еткен. Қызмет барысында ІІД мен ІІМ мақтау қағаздарымен бірнеше мәрте марапатталған. Отбасылы.
Басшылық, Ардагерлер кеңесі және Алматының Ішкі істер департаменті қайтыс болған полицейлердің жақындарына көңіл айтуда.