Елбасы дін саласындағы заңнамаға жүйелі өзгерістер енгізуге тапсырма берді
2016 ж. 20 шілде
3403
25
Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады
Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады. Кездесу барысында министрлік қызметінің негізгі бағыттары, соның ішінде дін саласындағы заңнамаларды одан әрі жетілдіру шаралары талқыланды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Елбасы министрліктің дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі жұмыс тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ мәдениет саласын жан-жақты дамытудың, ел азаматтарының патриоттық рухын нығайтудың маңыздылығына назар аударды.
А.Мұхамедиұлы қазіргі уақытта діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы заңнамаға жүйелі өзгерістер енгізу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрі Қазақстан Президентіне ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары мен Қазақстан спортшыларының алдағы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына дайындығының барысы туралы баяндады.
Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.