Астанада қазақ даласын зерттеген атақты британ жазушысымен кездесу өтеді
2016 ж. 20 шілде
2348
6
25 шілде күні сағат 15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі британ жазушысы, журналист Ник Филдингтің «Томас пен Люси Аткинсонның Шығыс Қазақстанға саяхаты, 1847-1852» атты кітабының тұсаукесері және британ саяхатшысы және зерттеушісі Томас Аткинсонның ұрпақтарымен кездесу өтеді.
Іс-шараға дейін сағат 14.30-да журналистер үшін Ник Филдинг пен Томас Аткинсон ұрпақтарының қатысуымен баспасөз-конференциясы өтеді (холл, 2 қабат).
Ник Филдинг Томас пен Люси Аткинсонның ХІХ ғасырда жасаған бағдарын қайталауға тырысып көрген. ХІХ ғасырдың британ зерттеулерінің тарихын Ник Филдинг «На Юг в Великую Степь: Путешествия Томаса и Люси Аткинсон в Восточный Казахстан в 1847-1852 годы» (Оңтүстікке Ұлы Далаға: 1847-1852 жылдардағы Томас пен Люси Аткинсонның Шығыс Қазақстанға саяхаты) кітабында мазмұндап жазған. Томас пен Люси Аткинсон қазақ жерлерін зерттеген. Ат үстінде олар Сібірден оңтүстікке дейін жүздеген шақырым жүріп, Ұлы даланы егжей-тегжейлі зерттеген. 1848 жылы қыркүйек айында Томас пен Люсия Жоңғар Алатау етегіндегі Қапал аймағына жетіп, екі айдан кейін балалы болады. Ұлдың есімін Қапалдағы бұлақтың атауымен Алатау Тамшыбұлақ қояды.
Кітаптың тұсаукесерінде белгілі ағылшын жазушысы, журналист Ник Филдинг (Mr. Nick Fielding), Томаса Аткинсонның шөберелері - Пол Далквист (Mr. Paul Dahlquist), Белинда Браун (Mrs. Belinda Brown), ФилиппаСмит, (Mrs. Philippa Smith), РоузУайтхед (Mrs. Rose Whitehead) және отбасы мүшелері қатысады.
Томас Аткинсонның ұрпағы әйгілі ата-бабаларының зерттеп кеткен жерімен танысып, олардың ойларын, сезімдерін, сол кездегі уақытты сезіну үшін, оларға құрмет көрсету үшін Қазақстанға келген. Астанадан қонақтар Алатау Тамшыбулак Аткинсон туған Алматы облысына аттанады. Айтып кетерлік, осы қазақ жеріндегі кездесу Қазақстан Республикасы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігіндегі Елшілігі мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшылығымен ұйымдастырылған.
Тұсаукесер барысында келесі мәселелер қарастырылады, Қазақстанның зерттеу тарихы қазақстандық және ағылшын ғалымдарымен зерделенуі, Ұлыбритания кітапханаларындағы Қазақстан жеріне, тарихына, мәдениетіне қатысты кітаптарды, құжаттарды, қолжазбаларды тереңінен зерттеу, тарихи материалдардың көшірмелерін алу, Ник Филдингтің «South to the Great Steppe: The Travels of Thomas and Lucy Atkinson in Eastern Kazakhstan, 1847-1852» атты кітабын қазақ және орыс тілдеріне аудару, кітапты кең көлемде қоғамға таныстыру, мәдени және ғылыми ыңтымақтастықты нығайту.
[caption id="" align="alignleft" width="300"] Т. Аткинсон[/caption]«South to the Great Steppe: The Travels of Thomas and Lucy Atkinson in Eastern Kazakhstan, 1847-1852» («На Юг в Великую Степь: Путешествия Томаса и Люси Аткинсон в Восточный Казахстан в 1847-1852 годы») тоғыз тараудан тұрады: «Кіріспе», «Зодчий становится живописцем» (Сәулетшінің суретші болуы), «Прибытие в Санкт-Петербург» (Санкт-Петерборға келу), «1847:Одиночное путешествие Томаса на Урал, Алтай и Северные Казахские Степи» (1847: Томас Аткинсонның Уралға, Алтай мен Солтүстік Қазақстан даласына оңаша саяхаты), «Боевое крещение Люси» (Люсидің ұрысқа бірінші қатысуы), «Пустыни и снежные бури» (Шөлдала мен қарлы боран), «Жизнь в Капале» (Қапалдағы өмір), «Исследование Джунгарского Алатау» (Жоңғар Алатаудың зерттелуі), «Недолгое возвращение» (Уақытты оралу). Кітап ХІХ ғасырдың сирек жазбаларының негізінде жазылған. Томас пен Люси саяхат барысында қарапайым қазақ халқымен кездесіп, көптеген билер мен сұлтандарды таныған. Әр ауылға қонақта болып, олар қазақ отбасыларымен сұхбаттасып, әңгімелерін жазып отырған, қазақтардың тұрмысын сипаттап жазған. Т. Аткинсон секілді ешқандай жазушы немесе суретші дала көшпелілерінің өмірін, түрін сиппаттамаған. Кітапта, Т. Аткинсонның ұрпағының жеке мұрағатынан алынған саяхатшының жазбалары, күнделіктері мен хаттары, сапалы литография мен гравюралары келтірілген. Сонымен қатар, кітапта Шығыс Қазақстанның картасы Аткинсондардың жасағын бағдарымен бірге көрсетілген, суреттердің көшірмесі, Т. Аткинсонның орыс үкіметімен хат алмасуы да орын тапқан. Сол кездегі Т. Аткинсон жасаған сол кездегі қазақ көсемдерінің бейнесі өте құнды болып есептеледі.
Томас пен Люси Аткинсонның зерттеген материалдары Ұлы Даланың байлығын айқындайды, сонымен қатар, Қазақстанның мәдени мұрасы, тарихы, географиясы, мәдениеті, салт-дәстүрлеріне баға жетпес үлес қосады. Британ саяхатшыларының соңғы сапарынан 160 жыл өтіп кетсе керек. Осы бір жарым ғасырдан астам уақыт ішінде Қазақстан азапты жол кешіп, бүгінгі күнде тұрақты және серпінді дамып жатқан экономикасы бар заманауи мемлекет болып табылады.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияның Корольдігіндегі Елшілігі, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы.