Алматыдағы атысқа қатысы бар екінші күдікті ұсталды (фото)

   
Алматыдағы қарулы-қақтығысқа қатысы бар  екінші қылмыскердің  қолға түскені туралы  әлеуметтік желілерде ақпарат тарады.  Бұл туралы kaz.365info.kz хабарлайды. Бұдан бұрын Ішкі істер министрлігі Алматыдағы оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген-тұғын. Ондағы дерекке сүйенсек, Алматыда қару ұстап тайраңдап жүрген бір топ адам емес, екі қылмыскер екен. Ал ең соңғы болып қолға түскен қылмыскер полициямен арада атыс басталған кезде ізін жасырып үлгерген. Оның қаланың қай жерінде құрықталғаны әзір нақтыланған жоқ. Есесіне, фотосы жарияланды. Сонымен қатар, оның  қалтасынан діни жазулар жазылған парақ табылыпты. Дереккөз: kaz.365info.kz 13689446_1100699573332901_2038263725_n 13720510_1100699589999566_1756146268_o