Ердоған Түркияда өлім жазасын қайтадан қалпына келтіретінін айтты
2016 ж. 18 шілде
2295
0
Түркия президенті Режеп Ердоған өз елі әскери төңкеріс жасау әрекетінен соң өлім жазасын қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеді деп жазады Азаттық.
17 шілдеде сөйлеген Ердоған үкімет бұл мәселені парламенттегі оппозициялық партиялармен талқылайтынын айтты.
"Демократияда халықтың талабын ескермеуге болмайды. Біз бұл шешімді кейінге қалдырмаймыз. Себебі мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандар жауап беруі тиіс" деді Ердоған Стамбулдағы резиденциясы жанында жиналып, өлім жазасын қалпына келтіруге шақырған көпшілік алдында.
Түркияда өлім жазасы 1984 жылдан бері қолданылмайды және ол 2004 жылы Еуропа Одағының талабы бойынша одаққа қосылу үшін жойылған.