ӘКІМ ТҰРҒЫНДАРМЕН ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
2016 ж. 13 шілде
2480
2
Алматы қаласындағы ең жас аудан - Наурызбай ауданы. 9 шілде күні аудан әкімі Сайран Тәпенұлы Сайфеденов «Қалқаман» «Алты-алаш» шағын аудандарының және «Премьера» тұрғын үй кешені тұрғындарымен кездесті.
Ауданда қордаланған мәселелерді тұрғындармен бірлесе талқылап, тиімді шешу жолдарын пысықтауға арналған іс-шара «Қалқаман» шағын ауданында орналасқан №1 қалалық клиникалық ауруханада ұйымдастырылып,өткізілді.
Іс-шараға аудандық қызметтердің басшылары, Алматы қаласы әкімдігі басқармаларының мамандары, бау-бақша серіктестіктердің төрағалары, ардагерлер кеңесінің мүшелері және аудан тұрғындары қатысты.
Аудан әкімі С.Сайфеденов жұргізген келелі жиын барысында бірқатар өзекті сұрақтар ортаға салынып, тұрғындар тарапынан аудан басшылығына көптеген сауалдар жолданды.
Тиісінше аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының, төтенше жағдайлар бөлімінің, сәулет және қала құрылыс басқармасының өкілдері халық алдында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мәселен, аудандағы ауызсу, жол жөндеу, жарықпен қамту, су және кәріз құбырларын салу және т.б. мәселелер талқыланды.
Іс-шара барысында тұрғындардан келіп түскен сауалдар мен ұсыныс-тілектер бойынша тиісті хаттама әзірленіп, жауапты қызметкерлерге нақты міндеттер жүктелді.
Осы сияқты іс-шаралар алдағы уақытта бекітілген жоспарға сәйкес ауданның басқа да шағын аудандарында іске асырылатын болады.
Жиыннан өздерін мазалаған сұрақтарына толық жауап алған көпшілік "Әкім бол-халқыңа жақын бол" -деген халық даналығын ұстанған аудан әкімі С.Сайфеденовке ризашылықтарын білдіріп тарқады.
qazaquni.kz