Төспен салынған Назарбаевтың портретін еліміздің бас консулдығы қомақты қаржыға сатып алды
2016 ж. 12 шілде
2686
7
Ресейлік суретші Ирина Романовская кеудесімен Назарбаевтың кока-кола ұстап тұрған портретін салып шыққан болатын. Аталмыш портретті еліміздің бас консулдығы қомақты қаржыға сатып алды. Бұл туралы "Қазақстан жаңалықтарына" сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.
Қазақстанның Санкт-Петербургтегі бас консулдығына Назарбаевтың портреті қатты ұнап қалған. Олар атышулы суретші әйелдің туындысын президентке тарту етпек.
"Назарбаевтың портреті үшін маған, тіпті қазақстандық кәсіпкер Астанадан пәтер ұсынған болатын. Алайда маған Қазақстанның консулдығынан хабарласқаннан кейін картинаны ешкімге бермеуге уәде бердім. Себебі олар портретті Назарбаевқа жеке табыстайтындарын айтты", - дейді Романовская.
Романовская Петербургте тұрады. Ол өз қаласында суреттерді кеудесімен салуының арқасында танымал болған. Суретшінің туындылары үлкен сұранысқа ие. Тіпті шетелдік саясаткерлер де әйелдің картиналарына зор қызығушылық танытады екен.
Иринаның кеудесімен салынған портреттер арасында Владимир Путин, Дмитрий Медведев, Барак Обама, Владимир Жириновский, Дмитрий Песков, Виталий Милонов, Лионель Месси, Александр Овечкин, Григорий Перельманның суреттері бар.