Ақпарат министрлігі жанынан құрылатын қоғамдық кеңес мүшелеріне конкурс жарияланды

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ақпарат, ақпараттық коммуникациялық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсету салаларын дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесті құру бойынша Жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурс жариялайды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Конкурс ҚР 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 8-бабының 1 және 5-тармақтарына және ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген үлгілік ережесіне сәйкес болады.

Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күндік мерзімде министрлікке жазбаша түрде жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды жібереді. Өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидатты ұсына алады.

Жұмыс тобына үміткерлерге азаматтық қоғамнан Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.

Үміткерлерге талаптар:

1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы үміткер бола алады.

2. Үміткер:

1) сотталғандығы болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуы;

3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсты өткізу мерзімі: 2016 жылғы 11 шілдеге дейін.

Байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мекен-жайы бойынша: Қазақстан Республикасы, 0100000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, 14 кіреберіс, E-mail: mic@mic.gov.kz, тел.: 74-10-12, факс 74-03-64, кеңсе кабинеті А746.

Қосымша ақпарат алу үшін 74-07-45 телефонына хабарласуға болады.