ҰҚК Тоқтар Төлешовтің ісін тергеуді аяқтады
2016 ж. 09 шілде
2223
1
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тоқтар Төлешовке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Төлешов Тоқтар Жүсіпұлына қатысты қылмыстық істің негізгі эпизодтары бойынша тергеу аяқталды", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, осыған орай, 2016 жылғы 11 шілдеде сағат 11.00-де Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратында (Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 20) Қазақстан Республикасының ҰҚК және Бас прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясының өтетіні туралы хабарланды.
Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Оның үйін және жұмыс орнын тінту кезінде қару-жарақ, есірткі заттары мен оқулық табылған еді. Кәсіпкермен қатар үш адам ұсталған. Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz/crime/ukk-toktar-toleshovtn-sn-tergeud-ayaktadyi-270986/ Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.