Кентау қаласының әкімі: Лениннің ескерткіші - сызып тастауға болмайтын тарих

Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев киім таңдарда бағасына мән бермейді. Бастысы, адамға жарасымды болуы тиіс. Дегенмен қала әкімі ең қымбат костюмінің бағасын NUR.KZ-тің аймақтағы тілшісіне айтып берді.

ОҚО-да аудан әкімі ауылдағы Лениннің ескерткішіне тиіспейтінін айтты

Кентау әкімі Мақұлбаев бір кездері елбасының өзі киген, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов сатып алған шымкенттік "Алтын адам" брендінің өнімдерін әлі ала қоймапты. Бірақ, аталған марка киімдерінің сапасы шетелдіктен кем түспейтін естіген. Жақын уақытта аталған бренд өнімін сатып алуға уәде берді.

Кентау басшысы шенеуніктерге лайық киім үлгісі бар екенін жасырмайды. Яғни, кез-келген шенеунік жұмыс уақытында міндетті түрде костюм-шалбар киіп, галстук тағуы тиіс. Бастысы, үстіне жарасымды болғаны абзал. Өзі де осы ұстанымды қалт жібермейді. Ол өз сөзінде кез-келген адам табысына қарай киінетінін де айтып қалды. Ал өзінің ең қымбат костюм-шалбарының құны жүз мың теңге. Ол кейбір әріптестері секілді шетелден арнайы тапсырыспен киінгенді құп көрмейді. Облыс орталығы Шымкенттен киінеді.

ОҚО-да аудан әкімі ауылдағы Лениннің ескерткішіне тиіспейтінін айтты

Сонымен қатар Кентау әкімі осыдан бірнеше уақыт бұрын ел арасында көп талқыланған Ащысай ауылындағы Ленин ескерткішіне қатысты пікір айтты.

ОҚО-да аудан әкімі ауылдағы Лениннің ескерткішіне тиіспейтінін айтты

"Лениннің ескерткіші тарих қой енді. Тарихты да сызып тастауға болмайды. Бұл мәселеге қатысты халықпен келісіп жұмыс жасаймыз. Әзірге тұрғындар оған келісім беріп отыр. Бізде кез-келген жұмыс ауыл тұрғындарымен, қоғамдық бірлестік мүшелерімен келісіп жасалынады", - деді Мақұлбаев.

Одан өзге қала басшысы аталған ауылдан халықтың жаппай қоныс аударуы жұмыссыздықтың салдары екенін ашып айтты. Бүгінде бұл ауылда кен орындары мен қалдықтарын өңдеу мақсатында жұмыстар қолға алынып, келер жылы бірқатар жұмыс орындары ашылатынын жеткізді.

ОҚО-да аудан әкімі ауылдағы Лениннің ескерткішіне тиіспейтінін айтты

Ащысай - Кентау қаласынан елу шақырымдық жерде орналасқан. Бір кездері бүкіл одақты полиметал кенімен қамтамасыз еткен ауылда бүгінде екі мыңнан астам ғана халық бар.

Айта кетейік, Кентау республика бойынша моноқалаларды дамыту бағдарламасына енген 27 шаһардың бірі. Облыстағы жалғыз қала. 2013 жылдан бері аталған бағдарлама аясында жұмыстар жүргізіліп келеді. Ал соңғы екі жылдан бері қаланың инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сонымен қатар қалада шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында отыз үш жобаға грант бөлінген. Одан өзге көпшілік сөз етіп жүрген жол да жақсарып, бірқатар әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өткен. Қала әкімінің айтуынша бұл жұмыстар жергілікті тұрғындардың ыңғайлы өмір сүруі үшін жасалынуда. Алдағы уақытта игі істер мұнымен тоқтап қалмайды.