Мөлдір кетті мөлдіреп, шоқ үкісі желбіреп...

33Қаракөз қарындастарымыз қарақытайлардың қанжығасында кетуде... Суреттен көріп отырсыз: үкілі бөрік киіп, талдап өрген қос бұрымын алкеудесінен асыра төгіп жеңіне желбір салған желең көйлекпен тұрған қыз - қазақ қызы. Есімі Мөлдір екен. Мөлдір «Болашақ» бағдарламасымен оқып жүріп пе, әлде басқа бір себеппен бе Ханбалық елінің (қазіргі ҚХР) азаматымен бас құрапты. Ортадағы кірпі шаш, қалқан құлақ, бет сүйегі шығыңқы, ортаға жетер-жетпес қана бойы бар жігіт біздің Мөлдіріміздің «Құдай қосқан» қосағы. Қытай азаматы. Ал, үшінші жігіт, ол да қытай, тележүргізуші көрінеді. «Осы күндері, деп жазады қытайдағы қазақ тілінде ақпарат тарататын баспасөздің бірі, қытай телеарналарына да қазақ қызын жар еткен жергілікті ұлт өкілдерін дәріптеу басталды. Турасына көшсек, қытай азаматтарын қазақ қыздарымен үйленуге үгіттейтін насихат белең алды». Суреттен көріп отырсыз: үкілі бөрік киіп, талдап өрген қос бұрымын алкеудесінен асыра төгіп жеңіне желбір салған желең көйлекпен тұрған қыз - қазақ қызы. Есімі Мөлдір екен. Мөлдір «Болашақ» бағдарламасымен оқып жүріп пе, әлде басқа бір себеппен бе Ханбалық елінің (қазіргі ҚХР) азаматымен бас құрапты. Ортадағы кірпі шаш, қалқан құлақ, бет сүйегі шығыңқы, ортаға жетер жетпес қана бойы бар жігіт біздің Мөлдіріміздің «Құдай қосқан» қосағы. Қытай азаматы. Ал, үшінші жігіт, ол да қытай, тележүргізуші көрінеді. «Осы күндері, деп жазады қытайдағы қазақ тілінде ақпарат тарататын баспасөздің бірі, қытай телеарналарынада қазақ қызын жар еткен жергілікті ұлт өкілдерін дәріптеу басталды. Турасына көшсек, қытай азаматтарын қазақ қыздарымен үйленуге үгіттейтін насихат белең алды». Суреттен байқағанымыз­дай, тележүргізуші мөлдіретіп Мөлдірді бауырына басқан қандасына марапат қағазын ба, жоқ кәделі сыйлық па, әйтеуір, бірдеңені салтанатты түрде тапсырып тұрғанға ұқсайды. Ал, бұл нені аңғартады? Бұл - хань әулетінің ұрпағы, яғни жұңго-қытай баласы, тап іргеңде ашық-шашық қазақ деген ел жатыр, қыздары сұлу екен, жат жұртқа сұраусыз ұзатыла береді екен, қарап жүрме, қамдан, «қатын алсаң - қазақтан алдың» ашық саясатын аңғартады, әрине! Махаббат жас кәріні ғана емес, шекара, шет халық дегенді де таңдамайды. Сондықтан оған шектеу жоқ. Әсіресе, аралас неке дегенге аса мән бермейтін, қызы түрікке, кәріске, орысқа, оймауытқа шықса құнжыңдап қуанатын бүгінгі қазақ жұмриятында тіпті шектеу дегеннің болуы мүмкін емес. Ендеше, қазақ қызын қағып түскен жігітінің жігерлі ісін мың жылдықтар саясатын ілгерлеп ойлайтын қытай басышлығы неге насихаттамасын?!. Қытай рас, бізге ежелден құдандалы ел деседі білетін жұрт. Бірақ, ол заманда, мысалы, Ханбалықпен тығыз қарым-қатынаста болған Үйсін мемелекетінің тұсында, көзі жіпсіиген қытайдың кез келген мырзасымағы ұлы даланың аруына аяқ сала алмаған. Құдаласса, текті әулет, мемлекеттік қызмет дәрежесіндегі бекзат лауазым иесі, әміршілер ғана бір бірінен қыз алып, қыз беріскен. Сөз жоқ, тең дәрежеде, екі мемлекеттің бейбіт, тыныш өмірінің сауғасы үшін. Ал, қазір не?.. Қазіргісін, бір ғана суреттің астарынан өріп шығатын мәселелерге орай пікір білдіретін сергек ойлы жастар, зиялы қауым айтсын. Естеріңізге сала кетейік, қытайдың алпауыт компаниялары Қазақстандағы ірі шикізат көздерін игеріп отыр. Ақтөбемұнайгаз, Маңғыстаумұнайгаз сияқты кәсіпорындардың акцияларына да иелік етеді. Қазақстанда орыс және қытай тілінде «Хасакэсытань хуацяо бао» атты газет жарық көруде. Аталған газет Қазақстандағы қытай жұмысышыларына өз тілінде ақпарат алып тұруға арналған. Қытайдың Синьхуа агаенттігі Қазақстанда 300 мың қытай азаматы тұрып өмір сүріп жатыр деген мәлімет таратқан болатын осыдан екі жыл бұрын. Сонымен, қазақтың тығы бір қара көз қалқасы - Мөлдір кетті мөлдіреп, шоқ үкісі желбіреп. Арғы бетке, қарға адым жерге қала салып, құмырсқаның илеуіндей құжынаған Ханбалық еліне...

Дәурен Қуат Абай.kz