Мөлдір кетті мөлдіреп, шоқ үкісі желбіреп…

6
2530

Қаракөз қарындастарымыз қарақытайлардың қанжығасында кетуде…

Суреттен көріп отырсыз: үкілі бөрік киіп, талдап өрген қос бұрымын алкеудесінен асыра төгіп жеңіне желбір салған желең көйлекпен тұрған қыз – қазақ қызы. Есімі Мөлдір екен. Мөлдір «Болашақ» бағдарламасымен оқып жүріп пе, әлде басқа бір себеппен бе Ханбалық елінің (қазіргі ҚХР) азаматымен бас құрапты. Ортадағы кірпі шаш, қалқан құлақ, бет сүйегі шығыңқы, ортаға жетер-жетпес қана бойы бар жігіт біздің Мөлдіріміздің «Құдай қосқан» қосағы. Қытай азаматы. Ал, үшінші жігіт, ол да қытай, тележүргізуші көрінеді. «Осы күндері, деп жазады қытайдағы қазақ тілінде ақпарат тарататын баспасөздің бірі, қытай телеарналарына да қазақ қызын жар еткен жергілікті ұлт өкілдерін дәріптеу басталды. Турасына көшсек, қытай азаматтарын қазақ қыздарымен үйленуге үгіттейтін насихат белең алды».


Суреттен көріп отырсыз: үкілі бөрік киіп, талдап өрген қос бұрымын алкеудесінен асыра төгіп жеңіне желбір салған желең көйлекпен тұрған қыз – қазақ қызы. Есімі Мөлдір екен. Мөлдір «Болашақ» бағдарламасымен оқып жүріп пе, әлде басқа бір себеппен бе Ханбалық елінің (қазіргі ҚХР) азаматымен бас құрапты. Ортадағы кірпі шаш, қалқан құлақ, бет сүйегі шығыңқы, ортаға жетер жетпес қана бойы бар жігіт біздің Мөлдіріміздің «Құдай қосқан» қосағы. Қытай азаматы. Ал, үшінші жігіт, ол да қытай, тележүргізуші көрінеді. «Осы күндері, деп жазады қытайдағы қазақ тілінде ақпарат тарататын баспасөздің бірі, қытай телеарналарынада қазақ қызын жар еткен жергілікті ұлт өкілдерін дәріптеу басталды. Турасына көшсек, қытай азаматтарын қазақ қыздарымен үйленуге үгіттейтін насихат белең алды».

Суреттен байқағанымыз­дай, тележүргізуші мөлдіретіп Мөлдірді бауырына басқан қандасына марапат қағазын ба, жоқ кәделі сыйлық па, әйтеуір, бірдеңені салтанатты түрде тапсырып тұрғанға ұқсайды.
Ал, бұл нені аңғартады? Бұл – хань әулетінің ұрпағы, яғни жұңго-қытай баласы, тап іргеңде ашық-шашық қазақ деген ел жатыр, қыздары сұлу екен, жат жұртқа сұраусыз ұзатыла береді екен, қарап жүрме, қамдан, «қатын алсаң – қазақтан алдың» ашық саясатын аңғартады, әрине!
Махаббат жас кәріні ғана емес, шекара, шет халық дегенді де таңдамайды. Сондықтан оған шектеу жоқ. Әсіресе, аралас неке дегенге аса мән бермейтін, қызы түрікке, кәріске, орысқа, оймауытқа шықса құнжыңдап қуанатын бүгінгі қазақ жұмриятында тіпті шектеу дегеннің болуы мүмкін емес. Ендеше, қазақ қызын қағып түскен жігітінің жігерлі ісін мың жылдықтар саясатын ілгерлеп ойлайтын қытай басышлығы неге насихаттамасын?!.
Қытай рас, бізге ежелден құдандалы ел деседі білетін жұрт. Бірақ, ол заманда, мысалы, Ханбалықпен тығыз қарым-қатынаста болған Үйсін мемелекетінің тұсында, көзі жіпсіиген қытайдың кез келген мырзасымағы ұлы даланың аруына аяқ сала алмаған. Құдаласса, текті әулет, мемлекеттік қызмет дәрежесіндегі бекзат лауазым иесі, әміршілер ғана бір бірінен қыз алып, қыз беріскен. Сөз жоқ, тең дәрежеде, екі мемлекеттің бейбіт, тыныш өмірінің сауғасы үшін. Ал, қазір не?.. Қазіргісін, бір ғана суреттің астарынан өріп шығатын мәселелерге орай пікір білдіретін сергек ойлы жастар, зиялы қауым айтсын.
Естеріңізге сала кетейік, қытайдың алпауыт компаниялары Қазақстандағы ірі шикізат көздерін игеріп отыр. Ақтөбемұнайгаз, Маңғыстаумұнайгаз сияқты кәсіпорындардың акцияларына да иелік етеді.
Қазақстанда орыс және қытай тілінде «Хасакэсытань хуацяо бао» атты газет жарық көруде. Аталған газет Қазақстандағы қытай жұмысышыларына өз тілінде ақпарат алып тұруға арналған.
Қытайдың Синьхуа агаенттігі Қазақстанда 300 мың қытай азаматы тұрып өмір сүріп жатыр деген мәлімет таратқан болатын осыдан екі жыл бұрын.
Сонымен, қазақтың тығы бір қара көз қалқасы – Мөлдір кетті мөлдіреп, шоқ үкісі желбіреп. Арғы бетке, қарға адым жерге қала салып, құмырсқаның илеуіндей құжынаған Ханбалық еліне…

Дәурен Қуат
Абай.kz

6 ПІКІРЛЕР

  1. Мөлдірдің Айғали, Темір және Жан сияқты үйде отырып алып күңкілдейтін, әдемі әйелдің бәрін арсыз санайтындарға жолықпағанына мың тәубе! Бағы жансын!

  2. Aygali kewirersiz aytkan soziniz orinsiz oziniz bireudin kizin solay aytip otsiz sonda oziniz kanday adamsiz? baska ult dep bolip tastaganiniz duris emes ol adamgerwilikke jatpaydi.arine onday kizdar kop wigar bunday uakitta jigitterdinde kizdardinda istegeni duris emes sizde oylanip jazsaniz duris bolat dep oylaymin.arine senderdin aytkandarin duris kizdardin bari buzilgan . ar namisti biletin kizdardin attarinada kir keltirtip otir sonin ozi kizir men sol kizdardi ayaymin.tek ayaymin olar bul sozderdi estugede turmaydigoy daji

  3. Ерғали сенің көзің көз емес без шығар. Қазақ қыздарының ішінде сайқалдардың көбейіп бара жатқанын көрмейтін көрсоқыр шығарсың.
    Көрмесең түнгі клубтарды аралап көр өз қалаңның. Аборт жасатып, венорология аурумен жүрген қыздар көбейі барады. Міне осылар қазақ қоғамын улап, ластап жатқан. Неге көрмейсің осыны!!!

  4. Кете берсін несі бар екен. Бізде қыз көп, оларға жетіспейді. Қазақтың жігіттері дені дұрыс қыздарға үйленіп жатыр, ал қалғандары қор болып көрінгеннің шаужайында жүргенше, елді былғамай кеткені дұрыс. Тисін, бірақ кетсін, мұнда өзгенің ұрпағын көбейтпей.

  5. Қайдам, барымызды шашып, кез-келгеннің астына өңгеріліп жатқан қыздарымыз емес. Сайқал саясаты дарақы азаматтары. Сондықтан қарындасқа, қызға тіл тигізбеген абзал! өзіңді жөнде,Қазақ! Сосын сөйле!

  6. Меніңше, басқа ұлтқа шыққан қыздардың бәрі де сайқалдар, дұрыс ананың қыздары емес, жатырынан бұзылғандар. Маған солай көрінеді. Мынау да сол, бұзылған, басқа халықтарға кеткеніне қуану керек, өзімен кетсін деп…

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз