Қарағандыда теракті жасамақ болғандар - сәләфилер
2016 ж. 02 шілде
1533
0
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақанов Қарағанды облысында өз-өзін жарған азаматқа қатысты сауалдарға жауап берді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.
-Алты адам ұсталды, бір адам өз-өзін жарып жіберді. Бәрі жергілікті азаматтар, сәләфит ағымының мүшелері,-деді төраға.
«Олар терактіні қайда жасамақ болды?» деген сұраққа В.Жұмақанов:
-Қарағанды өңірінде,-деп жауап берді. Сондай-ақ ол бұл оқиғаның Ақтөбедегі терактіге қатысы жоқ екендігін айтты.