Назарбаев жерді сату мен жалға беруді тоқтататын заңға қол қойды

5
3035

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жеке нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» заңға қол қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қабылданған заң «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 жарлықты іске асыруға бағытталған.

Заңмен «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңының қолданысы 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтатылады.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің кейбір нормаларының қолданысы тоқтатылады, оларға сәйкес 2016 жылдың соңына дейін: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жалдау шарттарымен шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетелдіктер қатысатын заңды тұлғаларға; мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне меншік құқығы берілмейтін болады.


Дерек көзі: tengrinews.kz

5 ПІКІРЛЕР

  1. неге жер сатылмайды және шет елге жалға берілмеиді деп нүкте қоимайды сонда сенер еді халықтың бәрі шалдың шығарған заңына

  2. Жерді сату мен жалға беруді тоқтататын Заң е м е с, бұқара Халықты алдап, уақытша т о қ т а т а тұратын Заң деп неге ашығын айтпайсыңдар?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз