Орал қаласында «Алтын адам» "қонақта" болды
2016 ж. 27 маусым
9919
1
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Ұлттық музей – сенің қалаңда!» атты мәдени тур ұйымдастырып отыр.
Мәдени саяхат алғаш рет Орал қаласында бастау алды. Оралдық көрермен Ұлттық музейдің ең құнды мұрасының бірі «Алтын адам» жәдігерін тамашалап, арнайы бағдарламаның куәсі болды.
«Алтын адам» – халқымыздың ең құнды жәдігері, елдігіміздің символы. Атаулы жоба аясында қала жұртшылығы мен қонақтары тек музей төрінде ғана тұратын құнды жәдігермен тереңірек танысуға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар мәдени тур барысында батысқазақстандықтар «Ұлттық музейдің 10 шедеврін» тамашалады. Ғасырлар бойы қалпын бұзбаған асыл мирас өнерсүйер қауымның ерекше қызығушылығын тудырды. Астаналық музейде болмаған жандар үшін «Ұлттық музейге саяхат» презентациялық видеоролигі жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар 3D технологиясы арқылы музейдің әр залы жеке-жеке таныстырылды. Шараға облыс әкімдігінің өкілдері мен өзге де салалардан қонақтар қатысты. Тәуелсіз Қазақстанның брэндіне айналған «Алтын адам» ескерткіші өзге қалаларда да кең көлемде таныстырылмақ.
qazaquni.kz