ҚЫТАЙ ШЕКАРАСЫ ҚЫМТАЛУЫ

Ақпан айының басынан Қытай ай күнтізбесі бойынша жаңа жыл уақыты жақындағанда Қазақстанмен арадағы шекарасын жабуға бекініп отыр. Бұл жылы Қытай «қызыл мейрам» атанған жаңа жылы 3-ақпанда өтетіні белгілі. Қазақтардың қырық күн тойы делінетін мейрамдауы мен орыстардың «он күндік каникулы» Қытайдың қасында түк те емес көрінеді. Себебі апта бойы тойланатын мерекенің «бас жазуы» одан әрмен де жалғасатын көрінеді. Жаңа жылдарыңызбен, айдаһарлар елі!