Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) допинг қолданғаны үшін қазақстандық ауыр атлеттер Жасұлан Қыдырбаевты сегіз, Алмас Өтешов пен Ермек Өміртайды төрт жылға спорттан шеттетті.

Бұл туралы Аламан хабарлайды.
Қыдырбаев тек 2023 жылы, Өтешов пен Өміртай 2019 жылы жарысқа оралуға құқылы. Қыдырбаев осыған дейін бір рет допингпен жарыстан шеттетілген. Сондықтан ол «екінші рет допинг қолданды» деген айыппен үшін сегіз жыл жаза алып отыр.
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2015 жылы Хьюстонда өткен әлем чемпионаты кезінде қазақстандық Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайдың қанынан допинг табылғанын мәлімдеген.
Хьюстондағы әлем чемпионатында Алмас Өтешов күміс, Жасұлан Қыдырбаев қола медаль алған. Енді екеуі де медалін қайтарып беруі тиіс.
Дерек көзі: Аламан
Казактар рухы мыкты жiгерлi халык Риода 15 алтын алады элi!!!
Бастысы жігерлеріңіз мұқалмасын!
Жасұлан сенің таза екеніне букіл қазақ сенеді. . Алға Казақстан!!!
Қазақстан секілді күшті қарсыласты қалайда аяақтан шалу операциясы. Жігіттер мойымаңдар, Қазақ елі сендерді мақтан тұтады!
Мұның бәрін әдейі қолдан жасап жатқан сияқты. Біздің спортшылармыздың мықты екендерін біледі. Бірақ сендер мойымандар. Әлі барлығы алда. Қазақ елінің көк туын желбіретіп, еліміздің даңқын асыратындарына сенемін.
Осы жігіттің жеңісін көргім келген. Әттен, бұйырмады. Меніңше бұл қарсыластардың біздің елге жасаған қастаңдықтары сияқты.
Өте өкінішті. Қыдырбаев алтын алатын жігіт қой.
Әлі талай жеңістің тұғырынан көрінеміз деп ойлаймын. Бастысы біздің спортшыларымыздың сағы сынбасын.
Бұның барлығы қазақтарды спорттан шеттетудің амалы ғой.
Өкінішті ғой әрине…соншама үміт артып едік. Осы допинг дауының Риоға екі ай қалғанда басталғанына әлі таң қалып отырмын
Азаматтарымызға ел болып қолдау білдірейік.
Әлі де үмітімізді үзбейміз.
Иа, осы зертхана туралы биліктегілер сөз етіп ғой. Соны тездетіп орнатқан дұрыс.
Арнайы зертхана керек болды бізге, бірден сонша спортшымызды шеттеткені қиын болды
Өте өкінішті, бұл спортшыларымыздың ғана емес бүкіл елдің қайғысы
Әлі де сене алар емеспін, меніңше олар өз медальдарына ерен еңбегінің арқасында жетті
Біздің спортшыларымыз әлі талай көк туымызды желбірететін болады, оған кәміл сенемін
Расында биылғы жыл қиын болып жатыр спортшыларымыз үшін, барынша қолдау көрсетейік, кім білсін аяқ шалу шығар бұл
Биылғы жыл біздің спортшылар үшін ауыр болып тұр. Спортшылврға қолдау көрсетейік!
Әрине спортшыларымызды қолдауымыз керек, олар шеттету мерзімі аяқталған соң спортқа оралып, еліміздің туын талай рет көтеретіндеріне сенемін!
Өте өкінішті жағдай, спортшыларымызға қолдау көрсетейік.
Бұны да спортшыларымыз үшін уақытша сынақ деп түсінсек екен.
Спортшыларымыз допингке тексеру болатынын біле тұра, допинг қабылдайтындарындай ақымақ емес қой. Өз басым сенбеймін бұған. Өтірік жала жауып отырған сияқты.
Өкінішті жағдай. Меніңше жалған жала жауып отыр біздің спортсмендерге. Зертханалары допингты қолданған, қолданбағандарын нақты көрсете алмайды. Сол себепті жақында зертхана жұмысын тоқтатқан емес пе?
Иа, өкінішті. Алла жар болсын!
Өте өкінішті. Спортшыларымыз үшін қиын жыл болды биыл…