Ақордада қандай ауыс-түйіс болуы мүмкін?
2016 ж. 21 маусым
2461
3
Қазақстанда билігінде жаңа ауыс-түйістер күтілуде деп жазады Kapital.kz-ке сілтеме жасаған skifnews.kz.
Атап айтқанда, президент әкімшілігінің басшысы мен Астана әкімі қызметтерін ауыстыруы мүмкін.
Порталдың жазуынша, Әділбек Жақсыбеков, Нұрлан Нығматуллин және Бақтықожа Ізмұхамбетовтер жаңа қызметке тағайындалады.
Әділбек Жақсыбеков 2014 жылдан бері Астана қаласын басқарып келеді. Дереккөз мәліметінше, ол президент әкімшілігіне басшы болып тағайындалмақ. Әділбек Рыскелдіұлы 2004-2008 жылдар аралығында да аталған мемлекетік органды басқарған.
Ал, 2014 жылдан бері президент әкімшілігіне жетекшілік етіп келген Нұрлан Нығматуллин болса мәжіліс спикері болып қызметін ауыстыруы мүмкін. Ол да дәл осы қызметті 2012-2014 жылдары атқарғанын айты кету керек.
Мәжіліс спикері Бақтықожа Ізмұхамбетов депутаттық мандатын сақтай отырып, ардагерлер ұйымдарының бірін басқаратын болады деп күтілуде.
Дерек көзі: skifnews.kz