Депутат өлім жазасына қойылған мораторийдiң күшiн жоюды ұсынды

3
1261

Ақтөбедегi лаңкестiкке байланысты ату жазасына қойылған мораторийдiң күшiн жойған жөн. Сенат депутаты, конституциялық заңнама, сот жүйесi және құқық қорғау органдары комитетiнiң төрағасы Серiк Ақылбай осындай пiкiр бiлдiрдi, деп хабарлайды bnews.kz.

 «Ақтөбеде болған жағдай, әрине, елiмiз үшiн ауыр қайғы. Қаншама кiнәсiз азаматтар қайтыс болды, жараланды. Ал террористердi құрықтаған құқық қорғау органдары – Iшкi iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi бұл жолы өте жақсы жұмыс iстедi. Дер кезiнде қимылдап, оларды тоқтатты. 2011-2012 және осы жылы болған оқиғаларды саралап қарасақ, бiздiң құқық қорғау органдары елiмiздегi басқа ағымдарда жүрген адамдардың iс-қимылын, әрекетiн алдын ала бiлiп отыруы тиiс деп санаймын», – дейдi депутат.

Оның пайымдауынша, елiмiзде iшкi барлау жұмысы әлi де жеткiлiксiз. Бұл жұмысты нығайта түсу қажет.

«Олардың арасында түсiндiру жұмыстарын жүргiзу керек. Дiни басқармаларымыз жұмыс iстемеген секiлдi. Яғни, алдымызда үлкен жұмыс бар», – дейдi Серік Ақылбай.

Сонымен қатар, депутаттың айтуынша, экстремистерге қатысты жауапкершiлiктi күшейткен абзал.

«Елбасы кейiнгi сөйлеген сөзiнде оларды атуға дейiн бару керек деп айтты. Бiзде қазiр мораторий, оның күшiн жою керек. Терроризм жасаған адам, кiнәсiз адамдарды қырған адамға бiр ғана жаза – ату жазасы қолданылуы тиiс», – деген пiкiрде депутат.

Дерек көзі: bnews.kz

3 ПІКІРЛЕР

  1. Демократиясы 200 пайызға жеткен, президенттен тәуелсіз АҚШ сотының өзі жіберген қателіктерін мойындап, электр орындығына отырғызып өлтірген адамның отбасына миллиондаған долар өтемақы төлеп жатады.
    Жемқорлық пен әділетсіздік жайлаған Қазақстан соты туралы гәп қозғау – артық әңгіме.
    Жазықсыз бір Қазақстан азаматы сот қателігімен атылып кетсе, ол марқұмның отбасына миллиондаған доллар компенсацияны «ақылы көп» Ақылбай сенатор төлер ме екен ? !
    :kulki1: :zhlau: :kulki:

  2. Енді бұл кісіге «айт» деген приказ келген соң, мыңғырлап отыр ғой, депутаттың » нанын» ақтау керек! Бұл шешім жазықсыз жандарға қолданылұы мүмкін екенін түсінгісі келмейді. Алла тағала әрбір жазықсыз құрбан болған адамның сұрауын осы кісіге де жазар, сонда бармағын тістер

  3. Егер осы сенатор ауылда тұрып, аш құрсақ болып өмір сүрсе,бала-шағасын қалай асырарын білмей бас қатырса, өлім жазасына мораторий жариялау керек дер ме еді әлде басқаша сайрар ма еді. Жылы орында отырып, сайрау бір басқа, халықтың ортасында отырып ауыр өмірде сайрау бір басқа.Сондықтан, халықтың арқасында күн көріп отырған сенатор мырза, сол адамдар мұндай қадамға неге барды деп бір сәт ойланып қою артықтық етпейді Сізге.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз