БІРЛЕСІП ЖҰМЫС ЖАСАУҒА ДАЙЫНБЫЗ

0
864

оған негіз де бар

Құрметті
Мұхтар Шаханұлы!
Сіздің хабарла­суы­ңызға байланысты айтарымыз, Ұлт мәселесі жөнінде бірлесіп жұмыс жасауға дайынбыз және оған негіз де бар. «Ақ жол» партиясының жұмыс тобы менің бас­шылығыммен 2008-2009 жылдары «Қа­зақстан республикасының 2010 – 2020 жылдарға арналған жаңа ұлттық саясат «Тұжырымдамасы» жобасын дайындады. Оның түсаукесері «Доктрина» жобасынан 1 айдан астам бұрын 2009 жылдың 23 қыркүйегінде Астана қаласында өтті. Ресми БАҚ оған жол бермеуге, қолдан келгенше шеттетуге, бұрмаулауға тырыс­ты. Жоба өзіңізге, барлық саяси пар­тияларға, бірқатар билік орындары, қоғамдық үйымдарға жіберілді, брошюра шығарылып елге таратылды. «Жас қазақ үні» газеті мен «Қазақ альманағы» «Тұжырымдаманы» жариялады. Сондай – ақ Астана, Шымкент, Ақтау қалаларында ол талқыланды, Алматыға да бір қатар білікті мамандар тарапынан да қолдау тапты.
«Тұжырымдама» жобасы Қазақстандағы бірқатар елшіліктерге жіберілді. Ресей елшілігінің өкілі «Ақ жолдың» офисіне келіп, өз қарсылықтарын бірден білдірді, АБайменовтен тиісті жауап алды.
Сонымен бірге, талқылау біздің қоғамның ұлт мәселесіне салқындығын, партиялар өкілдерінің ұлт саясатынан хабарсыз, саяси сауатсыздығын көрсетті. Тек Сіз бастаған қарсылық елді ойландыра бастады.
Бүгін «Тұжырымдама» «Доктри­наға» бірден-бір балама құжат болып отыр, ішкі құрылымы, логикасы жағынан ол барлық талаптарға сай. Сөз жоқ, жоба болғандықтан оның толықтыратын тұстары да бар екені белгілі. Бүгін өзіміз де оны жетілдіру жолында жұмыс жасап жатырмыз. «Мемлекеттік тіл» қозғалысының тобы осы «Тұрырымдама» жобасына өз ұсыныстарын қосса, бірлескен «Тұжырымдама» дайындау мүмкіндігі бар.
2010 жылдың қантар айының 15 мен 20 аралығында Астана қаласында «Тұжы¬рымдама» жобасын талқылауға дайындық жүріп жатыр. Өзіңізді, сіздің жұмыс тобы мүшелерін сол конференцияға кейін ша¬қырамыз. «Тұжырымдаманың» әр тарауы мен тармақтарына Сіз тарапынан же¬текші идеялар күтеміз. Конференцияда басқа да мемлекеттердің ұлттық саясат тұ¬жырымдаларымен танысуға мүмкіндік болады. Сізбен бірлесіп жұмыс жасаудың жолы осы деп есептейміз. 2010 жылдың 20-шы қантарына дейін «Тұжырымдама» жобасын жан-жақты талқылап, балама ретінде ұсынуға біз жұмыс жасап жатырмыз.


Сізге деген құрметпен, «Ақ жол» демократиялық партиясының хатшысы, философия ғылымдарының докторы,
профессор Амангелді АЙТАЛЫ
27. XII. 2009.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз