Ақтөбе оқиғасы: Ұялы байланыс жүйесі ажыратылды
2016 ж. 10 маусым
2230
0
Ақтөбеде жүргізілген арнайы операция кезінде ұялы байланыс өшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбеден.
Сағат 9.30-дан бастап байланыс қайта қосылды. Оған дейін қала тұрғындары үшін ұялы телефон қолдану мүмкін болмады.
ҰҚК мәліметінше, Ақтөбе облысы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың қызметкерлері 5 маусымда облыс орталығында атыс ұйымдастырған лаңкестерді ұстау бойынша арнайы операция жүргізіп жатыр. Лаңкестер берілу туралы ұсынысқа қарулы қарсылық көрсеткен.
"Шара жалғасып жатыр, оның нәтижесі қосымша хабарланады. Күштік фаза өткізу кезінде халықтың қауіпсіздігі сақталды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды. Енді алты адам іздеуде жүр.
Дерек көзі: tengrinews.kz