ҰҚК Ақтөбе оқиғасын мойындарына алды деген топ туралы айтты
2016 ж. 08 маусым
2604
9
6 маусым күні бірқатар электронды ақпарат ресурсында Ақтөбеде орын алған қанды оқиғаға жауапкершілікті «Қазақстанды азат ету армиясы» атты ұйым өз мойнына алғаны туралы мәлімет тараған еді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. Елімізде «Қазақстанды азат ету армиясы» ұйымы атымен жоқ, деп хабарлайды BNews.kz.
Осыған байланысты, ҰҚК-ның баспасөз қызметі отандық БАҚ редакцияларынан ресми емес шетелдік дереккөздерде жарияланған осыған ұқсас материалды көшіріп басарда немесе сілтеме жасарда Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хабарласып, түсініктеме алуын сұрайды.
Естеріңізге салып өтсек, ҚР Қылмыстық кодесі 242-1-бабы 3-тармағына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, не болмаса екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығын шектеу, немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ал белгілі сарапшы аталған ұйым тұрғындарға үрей туғызу үшін ойдан шығарылғанын айтты.
Дерек көзі: BNews.kz