АҚШ ҮКІМЕТІНІҢ ҰСТАНЫМЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПРЕЗИДЕНТі Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ӨКІЛЕТТІК МЕРЗІМІН ҰЗАРТУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУ ҰСЫНЫСЫНА ҚАТЫСТЫ Біз Қазақстан азаматтары мен лауазымды тұлғаларының Президент Н.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2020 жылға дейін ұзарту мәселесі бойынша референдум өткізу жөніндегі ұсынысын мұқият қадағалап отырмыз. Желтоқсанның 1-2-сінде Астанада Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының саммитін өткізе отырып осы ұйымның төрағасы ретінде Қазақстан демократия жолында ілгері қадам басу жөніндегі міндеттемесін қайта қуаттаған. Біз Қазақстанның конституциясы кепілдік берген президент сайлауының орнын алмастыратын републикалық референдум Қазақстан демократиясы үшін кері шегініс болады деп санаймыз. Біз Қазақстан үкіметі мен азаматтары өздерінің халықаралық міндеттемелеріне құрметпен қарап, еркін және әділ сайлау өткізуге күш салуын маңызды деп есептейміз.