Назарбаев бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жүргізді
2016 ж. 02 маусым
3720
1
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокуротура мен әскери басшылықта және Президент әкімшілігінде бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жүргізді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сонымен мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Нұрмаханбет Молдалыұлы Исаев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметінен;
Талғат Мамыртайұлы Қойбақов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен;
Мұрат Кәрібайұлы Бектанов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Ерлік Әбдірақымұлы Кененбаев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды;
Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметіне;
Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметіне;
Марат Рахымұлы Құсайынов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне;
Нұрлан Мұсақанұлы Қашағанов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.