Мұндайлардан бәрін күтуге болады?

Сыртымнан қол қоюға кім рұқсат берді? Қойшыбай ЕСЕНТАЙ, «Ел» мен «Республика кз» газеттері Бас директоры: «Мен ешқандай Үндеуді білмеймін. Маған біреулер хабарласқанда «Жас қазақ үні» газетіне шыққан Ақтаулық кәсіпкер Қаражан Сердалиевтің Әйтеке би туралы сұхбаты мен Қазыбек Иса­ның мақаласы жақсы екен, шындықты ашыпты. Соны жариялайтын шы­ғармыз» дегенмін. Бұндайлардан бәрін күтуге болады. Оларға кім рұқсат берді менің сыртымнан қолымды қоюға? Осыдан-ақ білуге болады олардың кім екенін, тірліктерінің қандай екенін...»