Қ.Тоқаев Савченконың бостандыққа шығуын Украина дағдарысының саяси жағдайымен байланыстырды

Парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында украиналық ұшқыш Надежда Савченко мен ресейлік екі әскериді айырбастау туралы шешімге қатысты өзінің пікірін білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бостандыққа шыққан Надежда Савченкоға қатысты пікір білдірді 

«Н.Савченконы екі ресейлік әскериге айырбастау туралы шешімнің өзі қазіргі Украина дағдарысын реттеуге байланысты саяси жағдайда бұл ақылға салудың жемісі», - деп жазды Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетсек, Ресей соты Савчкенконы биыл наурызда Украина шығысында ресейлік екі журналистің өліміне қатысы бар деп айыптап, 22 жылға соттаған. Савченко журналистер өліміне қатысы барын жоққа шығарып, өзін ресейшіл сепаратистер ұрлап, Ресейге беріп жібергенін айтады.

Ал өз кезегінде Украина Донбаста ұсталған ресейлік екі азамат Александр Александров пен Евгений Ерофеевті Украина шығысында сепаратистер жағында соғысты деп әрқайсысын 14 жылға соттаған.

Осыдан кейін, Украина президенті Петр Порошенко Украинада тұтқында жатқан екі ресейлік әскериге айырбастауға дайын екенін мәлімдеген еді. Көп ұзамай Ресей президенті Владимир Путин Надежда Савченкоға рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды.

Ал 25 мамыр күні тұтқын айырбастау келісімі бойынша Ресейде қамаудан босатылып, Киевке жеткізілген Надежда Савченкоға Украина президенті Петр Порошенко "Халық қаһарманы" атағын берген.

 Дереккөз: Nur.kz