ЖЕР ДАУЫ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?

Елбасы:– БӘРІ МЕНІҢ СӨЗІМНЕН ШЫҒЫП ОТЫР. МЕНЕН БАСҚА ЕШКІМ АЙТҚАН ЖОҚ МҰНЫ.

«Өткенде тікелей эфирде болған сауалдардың біріне жауап бергенде Қытайдың ауылшаруашылық мақсатында жер сұрағанын айттым. Олардың жерді игеруге деген ниеті бар екенін ескерттім. Бәрі менің сөзімнен шығып отыр. Менен басқа ешкім айтқан жоқ мұны. Бұл сұраққа жауап берсем, Жер кодексінің 23-бабында «шетелдіктерге, Қазақстанның азаматы емес адамдарға жер сатылмайды» деп анық жазылған. Бұдан артық не деуге болады?! Жер жағдайын жақсарту үшін оған инвестиция салу қажет, жер өңдейтін заманға сай құрал-жабдықтар сатып алу керек. Осыны түсінбейтіндердің мәселенің байыбына бармай айтқан сөздерінің халықты дүрбелеңге салғаннан басқа пайдасы жоқ. Мұндай жағдайда жалған сөз үшін жауапқа тарту шарасының болғаны жөн. Мен прокуратураға тиісті команда бердім». Елбасының «Егемен Қазақстанның» 90 жыл­дығында бірқатар БАҚ басшыларымен кездесуде айтқан сөзі