Астана күні қарсаңында көрсетіледі деген «Қазақ хандығы» сериалының уақыты тағы шегерілді

1
3777

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсіріле бастаған «Қазақ хандығы» сериалы Астана күні қарсаңында көрсетілуі мүмкін. Бірақ, ол кезде де тұтастай емес, алғашқы 10 сериасы көрсетіледі. Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлаған  болатын.

Алайда бүгінгі өткен брифинг барысында Мәдениет және спорт министрі аталмыш фильмнің алғашқы көрсетілімі күзде болатынын мәлімдеді.

Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған телехикая биыл күзде шығады – деді, бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

«Биыл біз Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған өзіміздің ұлттық телехикаямызды шығаруды жоспарлап отырмыз. Біз аздап оның көлемін ұлғайттық. Туындыны өте үлкен етіп түсірдік. Енді оны үлкен экрандарда көрсету үшін үлкен техникалық жұмыс атқарылуы тиіс. Қазір жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Менің ойымша, күзде бұл туынды прокатқа шығып қалуы керек», – деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, ресейлік режиссердің түсіруімен «28 панфиловшы» атты фильмнің түсірілімі жүргізілуде. Сондай-ақ қазақстандық және қытайлық киногерлердің әріптестік орнатуымен бірлескен жобалар қолға алынбақ.

«Қазіргі уақытта министрлік үкіметтің тапсырмасымен Қазақстанның киноиндустриясын дамыту тұжырымдамасын дайындауда. Бұл саланы жаңа деңгейге шығаратын кез келді», – деді А.Мұхамедиұлы.

qazaquni.kz

1 Пікір

  1. Мүлдем алынып тасталады, халық үндемесе! 91 жылға дейінгі тарихтың алынып тасталуымен тікелей байланыстығой!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз