Алматыдағы Республика алаңы қайта ашылды

Алматыда Республика алаңы сағат 11:30-да қайта ашылды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Алматыдағы Республика алаңы қайта ашылды
"Байсейітов көшесінің бойымен Абай даңғылынан Республика алаңындағы "Алтын адам" мүсініне дейінгі жер қайта ашылып, адамдар ол аймақта еркін жүру мүмкіндігін алды", - дейді оқиға орнындағы NUR.KZ порталының тілшісі. Алайда арнайы қызмет өкілдері алаңнан тарқаса қойған жоқ.
Алматыдағы Республика алаңы қайта ашылды
Алаңда күдікті шөлмектер табылғанын желі қолданушылары растап отыр. Бұған дейін Алматыда Республика алаңындағы аймақты жауып тастағанын және онда екі өрт сөндіруші көлік, арнайы қызмет көліктері мен ит жетектеген кинологтар, полицейлер мен саперлер жүргенін хабарлаған болатынбыз. Полицейлер бұл жайтқа қатысты, әзірге еш түсініктеме бермеді. Дерек көзі: Nur.kz