Қайрат Сарыбай: «Мәңгілік Ел» - ол Зуқа батырдың да арманы еді»
2016 ж. 20 сәуір
3356
0
2016 жылы әлем қазақтары мен қазақстан үішін елеулі оқиғаларға толы болмақ. Ол – Қазақстан Республикасының 25 жылдығы, Қазақстанға бағытталған қазақ күшінің 25 жылдығы және Алаш ардақтылары Зуақа батыр Сәбитұлы мен Әлихан Бөкейханов атамыздың 150 жылдық мерейтойларының қатар келуі екені бәрімізге белгілі. Сол үлкен дүмпу тудырған оқиғалардың бірі және бірегейі Зуқа батыр Сәбитұлының мерейтойы. Әлемнің 11 елінде 50 ден астам үлкен шаралар өтеді деп жоспарланған болатын. Соның алғашқыларының бірі болып Аустрияда аталып өтті.
Сәуідің 16-сі Аустрияның астанасы Вена қаласындағы Қазақстан елшілігінде, Қазақстан үкіметінің , Қазақстанның Венадағы елшісі, Халықаралық ұйымдар жанындағы түрақты өкілі Қайрат Сарыбайдың белсенді түрде атсалысуымен «Зуқа батыр Сәбитұлыныі 150 жылдық мерейтойы» ресми түрде басталды. Тойға Қазақстанның елшілік қызметкерлері, Еуропадағы қазақ диаспара өкілдері, Венадағы халықаралық үйымдар өкілдері, Вена қаласындағы оқып жатқан қазақ жастары, жегілікті тұғындар мен батыр ата ұрпақтары қатысты.
Елші Қайрат Сарыбай мырза тойға жиналған қауымды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен және Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойымен құттықтап сөз сөйледі. Тәуелсіздіктің тәтті жемістерін тілге тиек етіп, президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының «Мәңгілік ел» идеасының түйінін тарқатты.
Қайрат Сарыбай: «Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Мәңгілік Ел» - ол Зуқа батырдың да арманы болды. Туған елінің еркіндігі үшін күресті және жанын берді. Биыл Зуқа батырдың 150 жылдығы аталып өтілуде. Осы сияқты іс-шараларымыз арқылы халқымыз қаһармандарын әрдайым естерінде сақтайды және жас ұрпаққа өнеге болады» - деді.
Мерейтойда Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойын ұйымдастыру алқысының төрағасы, азаттық радиосының бұрынғы тілшісі, қоғам қайраткері Өмірхан Алтын, Аустриядағы қазақ мәдени орталығының жетекшісі Қызырхан Шолпан, Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығының бұрынғы төралқа мүшесі Әбдірахман Шетін, Талғат Көкбұлақ қатарлы азаматтар сөз алып, құттықтады.
Естеріңізге сала кетейік, Зуқа батыр Сәбитұлы 1866 жылы қазіргі Семей өңірінде туылып, 1929 жылы қытай үкіметі тарапынан қастандыққа ұшыраған Алаш Ордашылардың алғашқы құрбандықтарының бірі болатын. Сол кездегі қытай үкіметі Зуқаның басын Алтай қаласындағы Қара көпірге 14 күн іліп қойып, елге сес көрсетті. Ұлттық мәселенің ушығуымен 1930 жылы Зуқаның ізін басқан Оспан Сіләмұлы, Әкбар Сейт қтарлылар бастаған ұлт азаттық көтерілісі бұрық ете түсті. Қазақтың ардагер ұлы Зуқа әділеттің ақ жолымен жүріп, елін қорғады, ашаршылық пен кеңестік тотолитарлық биліктен қашқандарға пана болды. Діни тәрбие таратты әрі сол өз төңірегіне жиналған қалың елін қорғау үшін әскери қосын ұстап, сол кездегі қытай және ақ патша әсерлерінің шабуылын әлденеше рет тойтарды. Үкіметтік күштерді рықсыз күйге түсірді. Зуқа әскерлерінің құрамында орыс, татар, ноғай, монғұл, ұйғұр, дүнген қатарлы туысқан үлт өкілдері де көп болды. Міне бұл Зуқаның батыр атануына негіз болып, халықтың бағына туған тұлға екнін көрсетті. Қазір Зуқа батыр туралы 10 нан астам кітап жарыққа шығып, көптеген естеліктер жазылды.
Марқұмның топырағы торқа болсын!
Ахметұлы Бейсен
qazaquni.kz