Жер мәселесінде жалған ақпарат таратушылар жауап береді - Бас прокурор
2016 ж. 28 сәуір
5114
19
Жер мәселесі жөнінде жалған ақпарат таратушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп мәлімдеді ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов.
Еске салсақ, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге меншікке сату туралы халыққа жалған ақпарат таратылды.
Бас прокуратура бұл іс-әрекет қолданыстағы заңнаманы өрескел бұзу болып табылады және әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікті көздейтінін ескертті.
Дерек көзі: ҚазАқпарат