Бағдарламаға балалардың, ата-аналардың және мұғалімдердің көңілі толып отыр - министр
2016 ж. 27 сәуір
2097
0
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев білім саласында атқарған жұмыстары үшін бұрынғы министрге алғысын айтты. Бұл туралы бүгін Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі халықпен есепті кездесуінде мәлім етті.
Жаңартылған бағдарламаны енгізуге мектептерде ауқымды дайындық жұмыстары жүргеніне тоқталған ол, алты жылда жаңартылған мазмұнның моделі 20 Назарбаев зияткерлік мектептерінде апробациядан өткендігін айтып өтті. «100-ден астам мектеп осы жылдары экспериментте болды, 10 мыңнан атам бала жаңартылған бағдарламамен білім алды және қазіргі кезде оқып жатыр. Олардың көбісі мектепті, университетті тәмамдады, ал кейбірі бүгінде қызметке тұрды. Бағдарламаға балалардың, ата-аналардың және мұғалімдердің көңілі толып отыр. Жалпы, Президенттің тапырмасы бойынша, жұмыстар 15 жылдан астам уақыт бұрын басталды. Сондықтан да, біздің даяр екендігімізге сенімді болу үшін 15 жыл жеткілікті мерзім деп пайымдаймыз. Осы ретте экперименттердің барлығы аяқталды деп ресми түрде мәлім еткім келеді»,-деді Е. Сағадиев. «Білім саласында терең әрі нәтижелі жұмысты атқарған бұрынғы министрге, ең алдымен әріптестеріме және жалпы ғылым мен халық ағарту саласында қызмет етіп жүрген қауымға рахметімізді айтамыз. Енді жаңадан бекітілген төрт жылдық Білім және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасына тоқталатын болсақ, жаңа бағдарлама Президенттің «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, оның жеке маңызды тапсырмаларының негізінде жасалынды. Құжатта осы саланың әлемдегі даму бағыттары ескерілген, жаңа даму стратегиясының алты үлкен маңызды бағыты бар», - деп тоқталды министр. Осы ретте ең біріншісі - білім беретін инфрақұрылым қамтылған. «Қазіргі уақытта мектептер салу мәселесі көтеріліп жатыр, оны «Нұрлы жол» арқылы шешуге тырысамыз. Әкімдіктер де көмектеседі, яғни мектептер салынатын болады»,-деді Б. Сағадиев. Екіншіден, үш тілділікті енгізу мен дамыту. Үшіншіден, 12 жылдық оқыту жүйесіне кезең-кезеңмен көшу; төртіншіден, жекеменшік және мемлекеттік сектордың арасындағы шарттарды теңестіру, жан басына қаржыландыру жүйесіне көшу; бесіншіден, білім ұйымдарының қаржы шаруашылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету; алтыншы: ғылым саласын жекеменшік компаниялармен қоса қаржыландыру жолына көшу.
Дерек көзі: ҚазАқпарат