60 миллион теңге ұрлаған бұрынғы басшы құрықталды

Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бүгінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ) бұрынғы жетекшісі, алаяқтықтың алты дерегі бойынша күдікті Бауыржан Мольдиновты ұстап беру жөнінде  жасаған өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Bnews.kz.

60 млн теңгені қолды қылған "Даму" қорының бұрынғы басшысы Ресейде ұсталды

Ол басқа да қызметкерлермен бірігіп 2006-2007 жылдар аралығында жалған жолмен Қордан 60 млн-ға жуық (59 330 000 тг) ақша ұрлаған, деп мәлімдеді Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

2010-2011 жылдары осы іс бойынша оның барлық сыбайласы алаяқтық үшін сотталған, ал Бауыржан Мольдинов тергеуден жасырынып қалған.

6 жыл бойы ол мемлекеттен тыс аймақта болған, нақтырақ айтқанда, Башқұртстандағы таныстарында жасырынып, кездейсоқ табыс көзімен күн көріп жүрген.

Қазақстан мен Ресей құқық қорғау органдарының өзара ынтымақтастығының арқасында Мольдинов Уфа қаласында ұсталды.

ҚР Бас прокуратурасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне күдіктіні Ресей Федерациясының құзырлы органдарынан қабылдап алуға тапсырма берді.

Дерек көзі: BNews