ШАХАНОВТЫҢ ЕРЛІГІ ЕЛЕНБЕУДЕ…

2
2919

Қазіргі күні Желтоқсан көтерілісі туралы әркім өз деңгейінде жасаған «ерліктерін» айтып Желтоқсанның қадірін қашырып жіберді. Бірақ сол Желтоқсан көтерілісі туралы бір бұрышта немесе іштей емес Кремльдің төрінде айта алған жалғыз М.Шаханов екені рас. Қазіргі сайрап жүргендердің бәрі сол кезде ашық күресе алған жоқ. Ашық ойын айта алмаған соң, олар бұғып қалғандар деп есептеледі. Бұл ақиқат. Шыңғыс Айтматов осы ақиқат туралы былай айтқан: «М.Шаханов Кремльдің қабырғасында тұп-тұра бомба жарғандай етіп сөйлеген еді». Өкінішке орай, сол бомбаның жаңғырығы бүгінде  бірте бірте бәсеңдеп, жалыны сөніп бара жатқандай ма қалай?! Ұлық ұлт  өз ұлын дәріптей алуымен ҰЛЫ.

Арман ойда күмбір-күмбір күй қызып,

Арғымақтың жал- құйрығын түйгізіп,

Аңыратып, көсілттің бір жүректің

Үлкен сөзін үш минутқа сыйғызып

Үш–ақ минут шабыт нөсер мырза шақ

Көк тіреді көңіл біткен бір жасап,

Үш-ақ минут жетеді екен мәрттікке

Шығу үшін мәңгі өлмейтін жыр қашап…-

дейді көрнекті ақын Есенбай Дүйсенбай  Мұхтар Шахановтың ұлы ерлігі жайында. Өте дәл айтылған сөз.

Өткен жылы қазақ боламыз ба, қазақстандық боламыз ба деген ұлттың басына бұлт үйіріліп тұрған шақта, жиналыстан жиналысқа жүгіріп жүргенде М.Шахановқа бір кісі келіп «пәленше деген кісі хәл үстінде жатыр, барып көңілін сұрап қайтайық» дегенде «мұнда ұлт өлейін деп жатыр қайсысының көңілін сұрағаным дұрыс болады деп ойлайсың» деп еді, алдындағы кісі терең ойланып қалды. Ұлттың жойылайын деп жатқанын ұғынбай жатқан қандастарына осылай ой салып еді. Ұлтына деген неткен берілгендік, неткен тектілік десеңші!

Ф. Мұстанов

2 ПІКІРЛЕР

  1. Мұхтар Шаханов қазақ қоғамындағы және поэзиясындағы ерекше құбылыс.Халық сүйіспеншілігіне бөленген, түркі әлемінің таңдаулы ақыны. Билік тарапынан шындықты айтқаны үшін еленбей жүр.Тірісінде бақытты болған ақын жоқ деп айтқаны рас болып тұр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз