Әкім көлігін велосипедке алмастырды
2016 ж. 11 сәуір
1466
0
Алматы тұрғындары Бауыржан Байбектің велосипед теуіп жүргенін байқады. Дәурен Исаев түсірген фото Виталия Дядчев есімді қолданушының Facebook парақшасында жарияланды.
![Бауыржан Байбек көлігін велосипедке алмастырды (фото)](https://i.onthe.io/pogudx7eo9dj7rqjm.5b1052ab.jpg)
Алдын-ала болжам бойынша, бұл фото Алматыда өткен веложарыста түсірілуі мүмкін. Суретке пікір жазған қолданушылар әкімнің тек бір рет өтетін акцияда ғана емес, жұмыс күндерінде де велосипедтен түспеу керектігін айтады.
Сондай-ақ, қолданушылар Байбектің спорттық стильде жасырақ көрінетінін сөз қылған.
Дерек көзі: Nur.kz