WhatsApp арқылы ҰБТ-ның болмайтыны жайлы жалған ақпарат тарап кетті
2016 ж. 06 сәуір
2490
0
Қазақстанда WhatsApp арқылы ҰБТ-ның болмайтыны жайлы хабарлама тарап жатыр. Бұл туралы Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің өкілдері хабарлап, бірақ бұл мәліметтің жалған екенін атап өтті, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.
"WhatsApp және әлеуметтік желілерде ҰБТ-ның болмайтыны жайлы таралып жатқан мәліметтер шындыққа жанаспайды. Білім және ғылым министрлігі 2016 жылдың жазында ҰБТ-ның алдын ала жоспарланған тәртіпте өтеді және шекті деңгейдегі балл жинай алмаған түлектерге де қайта тестілеу мүмкіндігі жасалады. Сондықтан өз жақындарыңыз бен туыстарыңызды ҰБТ-ның болмайтыны жайлы мәліметтің жалған екенінен құлағдар етуді сұраймыз", - делінген ведомство хабарламасында.
Биыл ҰБТ 1-15 маусым аралығында өтеді. Қайта тапсырудың құны 2 242 теңге.
Дерек көзі:tengrinews.kz