Елбасы Генаны құттықтады

20160401052841Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ астанасында  кәсіби боксшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Геннадий Головкинмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті кездесу барысында Г.Головкинді «ЭКСПО-2017» елшісі мәртебесіне ие болуымен  құттықтап, оның жаңа табыстар мен рекордтарға қол жеткізуіне тілектестігін білдірді.

Г.Головкин боксты және жалпы спортты дамытуға зор үлес қосып, көңіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

Дерек көзі: ҚазАқпарат