Әуежайдан табылған белгісіз мүрде кімдікі екені анықталды
2016 ж. 30 наурыз
2093
0
Әріптестері 27 наурыз күні жүрек талмасынан мезгілсіз қайтыс болған Азия даму банкінің (АДБ) Қазақстандағы өкілдігінің директоры, 55 жастағы Джинлин Янгты еске алып жатыр.
«Әріптестері Джинлинді талантты әрі тәжірибелі басшы ретінде ғана емес, жылы шырайлы, ашық, қашанда білімі және тәжірибесімен бөлісуге дайын адам ретінде есте сақтайды», - деді АДБ-ның президенті Такехико Накао.
Еске сала кетейік, 27 наурыз күні сағат 07:53-те Астана халықаралық әуежайының аялдамасында ҚХР-дың 1960 жылы дүниеге келген азаматы Янг Джинлиннің зорлық белгілері жоқ денесі табылды.
Қытай Халық Республикасының (ҚХР) азаматы Джинлин Янг АДБ-да 2011 жылы Шығыс Азия департаментінде аға кеңесші ретінде жұмыс істей бастаған, бұған дейін ҚХР-дың Қаржы министрлігінің жанындағы Азия-Тынық мұхитының Қаржы және даму орталығын басқарды.
Бас кеңсесі Манилада орналасқан АДБ-ның миссиясы - Азия-тынық мұхиты аймағында инклюзивтік экономикалық және экологиялық тұрақты өсімнің, сондай-ақ аймақтық интеграцияның көмегімен кедейлік деңгейін төмендету. Банк 1966 жылы құрылған, оның 67 елде акционерлері бар.
Естеріңізде болса бұған дейін Астана әуежайынан қытай азаматының белгісіз мәйіті табылғанын жазған болатынбыз.
Дерек көзі: ҚазАқпарат