Екі баланың әкесі іздестірілуде

02Астанада 26 жасар екі баланың әкесі Бақыт Ибрагимов табылмай жатыр. Ибрагимов Бақыт Қалабайұлы. Жасы 26-да.  Екі баланың әкесі. 2016 жылы 24 наурызда сағат 17:00-де Министрліктер үйі маңындағы «Алтын Орда» Бизнес орталығынан шығып кеткелі бері оны ешкім көрмеген. «Үйге әлі оралмады», деп отыр жұбайы. Ұялы телефоны өшірулі. Ол қара түсті пуховик, қаралау джинсі және ақшыл сары бас киім киген. Айрықша белгісі жоқ. Келбеті ақшылдау, шашы сарғыштау. Оған қатысты қандай да бір ақпаратты білетіндер болса келесі телефон нөмірлерге хабарласуын сұраймыз: +7 776 669 99 89; +7 701 838 89 19; +7 777 323 27 11.