Мемлекеттік қызметтегі жемқорлықтың алдына жаңа тосқауылдар қойылды - Назарбаев
2016 ж. 25 наурыз
1993
11
Кім жақсы жұмыс істесе сол мол жалақы алады. Бүгін Парламенттің VI шақырылымының бірінші сессиясының ашылуына арналған ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Тең мүмкіншіліктер жүйесі ретінде мемлекеттік қызметтің жаңа мансап моделі бекітілді. Ең білікті әрі сауатты мамандарды мемлекеттік қызметке іріктеудің үш сатылы жүйесі енгізілді. Кадрлар білімі, тәжірибесі бойынша іріктеп алынады. Мемлекеттік аппаратта жалақыны теңестіру мұнан ары болмайды. Кім жақсы жұмыс істесе сол мол жалақы алады», - деді ҚР Президенті.
Осы ретте Мемлекет басшысы «Б» әкімшілік корпусы үшін жалақы көлемі таяуда ғана көтерілгендігін еске салып өтті.
«Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі жаңа министрлік жұмыс істеуде. Мемлекеттік қызметтегі жемқорлық көріністерінің алдына жаңа тосқауылдар қойылды. Қазақстанның мемлекеттік қызмет реформасы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді қайта аттестациядан өткізумен байланысты шешуші кезеңге өтті», - деді ҚР Президенті.
Дерек көзі: ҚазАқпарат