Нұрәлі Әлиев Астана әкімі орынбасары қызметінен неге кетті...
2016 ж. 17 наурыз
3055
4
Астана әкімінің орынбасары өз еркімен қызметінен кетті. Tengrinews.kz сайтына сұхбатында ол кетуінің себептерін түсіндірді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
ФОТО: ASTANAINVEST.COM
"Мен бизнеске талай жылдарымды сарп еттім. Жаңа қаржылық орталарды дамытып, зерттеу, компанияның экономикалық әлеуетін ашу мүмкіндіктері - менің жаныма жақын дүниелер. Сол себепті, мен Астана әкімінің орынбасары қызметін тастап, енді бизнес ортада өзімнің сүйікті ісіммен айналысамын", - деп мәлімдеді Әлиев.
Әлиевтің айтуынша, оның экономикалық білімі әкім орынбасары қызметінде зор пайдаға асты. Бұл қызметте ол Астананың мүддесі үшін оннан астам таяу және шалғай шетелге барып, жүздеген келіссөздер жүргізген. Бұл өз алдына Астанаға инвестиция тарту мақсатын жүзеге асыруға септік болған.
Еске салсақ, Әлиев Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметіне 2014 жылдың желтоқсанында тағайындалған.
Дереккөз: Nur.kz