Партиялар арасында пікірсайыс өтіп жатыр

debatБүгін «Қазмедиа» орталығында, «Хабар» телеарнасында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына партиялық тізімін ұсынған саяси партиялар арасындағы телепікірсайыс өтуде.

Оған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов, Қазақстанның «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы Әли Бектаев, Қазақстанның коммунистік халық партиясының құрметті хатшысы Владислав Косарев, Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының өкілі Зәуреш Баталова, «Бірлік» партиясының мүшесі Роза Қуанышева  қатысып жатыр.

Пікірсайыс 3 раундтан тұрады. Алғашқы раунд «Әлемдік экономиканың нақтылығы: проблемалары мен перспективалары» деп аталады. Екінші раундта саяси пікірсайысқа қатысушылар «Қазіргі жағдайдағы инфрақұрылым, көлік, логистика» тақырыбында өз ойларын ортаға салатын болады. Соңғы раундта пікірсайысқа қатысушы партиялардың өкілдері өз сайлаушыларына үндеу арнауына мүмкіндік беріледі.

Дерек көзі: ҚазАқпарат